Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и полос на шестидесяти шести водных объектах (плотинах) коммунальной собственности Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қаулы · № 141 · қабылданған 26.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120647/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и полос на шестидесяти шести водных объектах (плотинах) коммунальной собственности Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 141 ·26.03.2018
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и полос на шестидесяти шести водных объектах (плотинах) коммунальной собственности Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 141 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и полос на шестидесяти шести водных объектах (плотинах) коммунальной собственности Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141
Қабылданған күні
26.03.2018
Көрсетілген редакция
18.10.2024 120647_726494.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18C0005906
ЭКБ идентификаторы
120647
Редакция идентификаторы
120647_726494
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:11

0 Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарі туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін жағдайда ұстау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.

2 2. Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
жер пайданушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруашылықта пайдаланудың режимін және ерекше жағдайларын жеткізсін;
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізуге;
олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етуге ұсыныс жасалсын.

4 4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н. Беркімбаева
«____» ______________ 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе аумақтық
бөлімінің басшысы
______________________ Х. Бултеев
«____» ______________ 2018 жыл

10 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2018 жылғы 26 наурыз
№ 141 қаулысына
1-қосымша
Ақтөбе облысының коммуналдық меншіктегі алпыс алты су объектілеріне (бөгеттер) су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі (салалары)
Су қорғау аймақтары мен белдеулері
Орташа көп жылдық судың сабалық кемері
аймағы
белдеуі
ауданы (кв.км)
Қарғалы ауданы
1
Әлімбет -1
500
50
0.014
135,1-142,0
135,1-142,0
135,1-142,0
135,1-142,0
2
Әлімбет -2
500
50
0.005
3
Үлкен Әлімбет
500
50
0.15
4
Нововведеновка-1
500
50
0.56
5
Нововведеновка-2
500
50
0.036
6
Нововведеновка-3
500
50
0.005
7
Нововведеновка-4
500
50
0.002
8
Бам
500
50
0.27
9
Тұзды көл
500
50
0.008
10
Ащылысай
500
50
0.14
11
Преображеновская
500
50
0.09
12
Приозерное
500
50
0.20
13
Үлкен бөгет
500
50
0.04
14
Тайкеткен
500
50
0.09
15
Кемпірсай -1
500
50
0.004
16
Кемпірсай -2
500
50
0.002
17
Кемпірсай -3
500
50
0.04
18
Кемпірсай
500
50
0.07
19
Темір жолдың артындағы Кемпірсай
500
50
0.24
20
Краснополянская -1
500
50
0.06
21
Краснополянская -2
500
50
0.11
22
Краснополянская -3
500
50
0.40
23
Петропавловка-2
500
50
0.03
Мәртөк ауданы
1
Зеленый Гай
500
50
0.22
135,1-142,0
2
Волковская
500
50
0.009
3
Казанка-1
500
50
0.04
4
Казанка-2
500
50
0.04
5
Байтура
500
50
0.015
6
Жамбыл
500
50
0.002
7
Каратау-1
500
50
0.80
8
Каратау-2
500
50
0.17
9
Новая
500
50
0.13
10
Взрыв
500
50
0.02
11
Покровская
500
50
0.06
12
Обдан
500
50
0.03
13
Новомихайловская
500
50
0.20
14
Джусинская
500
50
0.05
15
Карасу
500
50
0.16
16
Красная
500
50
0.009
17
Қарашай
500
50
0.18
18
Мәртөк
500
50
0.12
Қобда ауданы
1
Калиновка-2
500
50
0.10
135,1-142,0
2
Веселый-2
500
50
0.005
3
Новомосковская
500
50
0.075
4
Амирский
500
50
0.007
5
Кузьмин
500
50
0.25
6
Прокурор
500
50
0.07
135,1-142,0
7
Үлкен
500
50
0.60
Алға ауданы
1
Шолак
500
50
0.23
135,1-142,0
2
Нариманов
500
50
0.14
3
Көсем
500
50
0.077
4
Үлкен Ақай
500
50
0.28
Темір ауданы
1
Талдыбулак
500
50
0.04
135,1-142,0
2
Толганай
500
50
0.015
3
Шевченко
500
50
0.35
4
Жекесай
500
50
0.20
Байғанин ауданы
1
Тұздысай
500
50
0.14
135,1-142,0
2
Ногайты
500
50
0.011
3
Шатыбай
500
50
0.02
Әйтеке би ауданы
1
Тереңсай
500
50
0.50
135,1-142,0
2
Ярослав
500
50
0.14
Ойыл ауданы
1
Куб
500
50
0.10
135,1-142,0
Хромтау ауданы
1
Мағаджан
500
50
2.8
135,1-142,0
2
Құдықсай лиманды суару жүйесі
500
50
Ырғыз ауданы
1
Ақши лиманды суару жүйесі
500
50
91.44
135,1-142,0
Ақтөбе қаласы
1
Беляевская
500
50
0.02
135,1-142,0
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 26 наурыздағы № 141
қаулысына 2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі

1 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

2 2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Қолданыстағы