О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Шетского района
- Атауы (қаз.)
- Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20/166
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 120656_451751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KQ004684
- ЭКБ идентификаторы
- 120656
- Редакция идентификаторы
- 120656_451751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:06
0 Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
ұйымдарының мамандарына отын сатып
алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
Шет ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2
2. Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №28/247 «Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3122 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі №15 (10531) «Шет Шұғыласы» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 мамырында жарияланған), шешімінің күші жойылды деп танылсын.