Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности, соответствующих целям создания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

Бұйрық · № 130 · қабылданған 26.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120665/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности, соответствующих целям создания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос» Күшін жойған Бұйрық ·№ 130 ·26.02.2018
22.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности, соответствующих целям создания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 130 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных видов деятельности, соответствующих целям создания специальной экономической зоны «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»
Атауы (қаз.)
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
130
Қабылданған күні
26.02.2018
Көрсетілген редакция
22.02.2024 120665_686898.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016590
ЭКБ идентификаторы
120665
Редакция идентификаторы
120665_686898
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:38

0 «Қорғас» шекара маңы

ынтымақтастығы халықаралық
орталығы» арнайы экономикалық
аймағын құру мақсатына сәйкес
келетін қызметтің басым түрлерінің
тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 708-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2018 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2018 жылғы 27 ақпан

0 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
26 ақпандағы № 130
бұйрығымен бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесі

1 1. автокөлік және мотоциклдарды қоспағанда, көтерме сауда;

2 2. автокөлік және мотоциклдар саудасын қоспағанда, бөлшек сауда;

3 3. жүктерді қоймаға қою және сақтау, қосымша көлік қызметі;

4 4. сақтандыру мен зейнетақы қорларының көрсетілетін қызметін қоспағанда, қаржылық қызметтер;

5 5. туроператорлардың, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі;

6 6. конференцияларды және сауда көрмелерін ұйымдастыру;

7 7. жатын-орын және тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер;

8 8. тамақ өнімдерін өндіру;

9 9. минералды су және басқа алкогольсіз сусындарды өндіру;

10 10. дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;

11 11. киім өндіру;

12 12. былғары және оған жататын өнім өндіру;

13 13. фармацевтикалық препараттар өндіру;

14 14. өзге металл емес өнімдерді өндіру;

15 15. велосипедтер және мүгедектерге арналған арба/орындықтар шығару;

16 16. өзге де дайын бұйымдарды шығару;

17 17. буып-түю;

18 18. 1 – 17 тармақтарында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттамалар шегінде салу және пайдалануға енгізу.

Қолданыстағы