Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 200 · қабылданған 17.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120692/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 200 ·17.04.2018
14.07.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 200 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
200
Қабылданған күні
17.04.2018
Көрсетілген редакция
14.07.2023 120692_658781.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000200
ЭКБ идентификаторы
120692
Редакция идентификаторы
120692_658781
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:48

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі

№ 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33,
343-құжат):
2-тармақтың 1) және 5) тармақшалары алып тасталсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
104) тармақша алып тасталсын;
130), 339-12), 339-13) және 339-16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«130) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға қорытынды дайындау;»;
«339-12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жасалған бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тарту;
339-13) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын келісу;»;
«339-16) экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамалары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келісу;»;
17-тармақтың 125) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«125) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың және концессия шарттарының конкурстық құжаттамасын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiсу;».

4

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 200 қаулысына
қосымша

Қолданыстағы