Құжат мәтініне өту

О наименовании и переименовании некоторых административно - территориальных единиц и составных частей населенных пунктов Карагандинской области

Қаулы · № 08/03 · қабылданған 27.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120715/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О наименовании и переименовании некоторых административно - территориальных единиц и составных частей населенных пунктов Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 08/03 ·27.02.2018
27.02.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О наименовании и переименовании некоторых административно - территориальных единиц и составных частей населенных пунктов Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 08/03 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О наименовании и переименовании некоторых административно - территориальных единиц и составных частей населенных пунктов Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысының кейбір әкімшілік - аумақтық бірліктері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
08/03
Қабылданған күні
27.02.2018
Көрсетілген редакция
27.02.2018 120715_311736.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18K0004692
ЭКБ идентификаторы
120715
Редакция идентификаторы
120715_311736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:35

0 Қарағанды облысының

кейбір әкімшілік - аумақтық
бірліктері мен елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру
және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы және 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Нұра ауданының келесі ауылдық округтері:

Захар ауылдық округі – Ақмешіт ауылдық округі;
Новокарповка ауылдық округі – Байтуған ауылдық округі;
Энтузиаст ауылдық округі – Ахмет ауылдық округі;
Черниговский ауылдық округі – Көбетей ауылдық округі деп қайта аталсын.

2 2. Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің Целинное ауылы Ақжол ауылы деп қайта аталсын.

3 3. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының шағын аудандарына және көшесіне келесі атаулар:

1 1) Бауыржан Момышұлы көшесінің оңтүстік-шығысына, Тәттімбет көшесінің оңтүстік-батысына, Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Кеншілер даңғылының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – Бәйкен Әшімовтің есімі;

2 2) Гапеев көшесі мен Спасск тас жолының шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының батысына қарай орналасқан, атауы жоқ шағын ауданға – «Күнгей» атауы;

3 3) Тәттімбет көшесінің шығысына, Кеншілер даңғылының оңтүстік-шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – «Таугүл» атауы;

4 4) Республика даңғылының шығысына, Штурманская көшесінің оңтүстігіне, Тәттімбет көшесінің батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – «Алтын арқа» атауы;

5 5) Республика даңғылының оңтүстік-батысына, Кувская көшесінің оңтүстік-шығысына, Волочаевская көшесінің солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – «Оазис» атауы;

6 6) Ермеков көшесінің оңтүстік-шығысына, Крамской көшесінің солтүстік-шығысына, «Қарағанды-Пассажирская – Қарағанөзек» аралығының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – «Астана» атауы;

7 7) Гудермесская көшесінің оңтүстік-шығысына, Бауыржан Момышұлы көшесінің солтүстік-батысына, Республика даңғылының солтүстік- шығысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданға – «Шапағат» атауы;

8 8) Тәттімбет көшесінің шығысына, Кеншілер даңғылының оңтүстік-шығысына, Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округі аумағының солтүстік-батысына қарай орналасқан, жаңадан тұрғызылған шағын ауданның 1-ші көшесіне – Жантөре Әбішевтің есімі берілсін.

4 4. Сәтбаев қаласының келесі көшелері:

Комаров көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;
Первостроителей көшесі – Алаш көшесі деп қайта аталсын.

5 5. Приозерск қаласының келесі көшелері:

Береговая көшесі – Бастау көшесі;
Весеняя көшесі – Сарыарқа көшесі;
Озерная көшесі – Алаш көшесі;
Лесная көшесі – Ынтымақ көшесі;
Строительная көшесі – Бірлік көшесі;
Госпитальная көшесі – Таңшолпан көшесі;
Комсомольская көшесі – Тұмар көшесі;
Полевая көшесі – Шұғыла көшесі;
Производственная көшесі – Керуен көшесі;
Промышленная көшесі – Тұран көшесі;
Хозяйственная көшесі – Қайнар көшесі деп қайта аталсын.

6

6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.

7 7. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы