Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23-152
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2018 120724_311695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DC004636
- ЭКБ идентификаторы
- 120724
- Редакция идентификаторы
- 120724_311695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:09
0 Текелі қаласының
Құрмет грамотасымен наградтау
туралы ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Текелі қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичке жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Текелі қалалық мәслихатының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 23-152 шешімімен
бекітілген қосымша
Текелі қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Текелі қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Текелі қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
2 2. Текелі қаласының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.
3
3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
4 4. Текелі қаласы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқада ұйымдар енгізеді.
5
5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
6 6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Текелі қаласы әкімінің қарауына қабылданбайды.
7 7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.
8
8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Текелі қаласының әкімі тапсырады, сондай-ақ Текелі қаласы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімі және Текелі қаласының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.