Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Мугалжарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Мугалжарского района
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 187
- Қабылданған күні
- 19.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2020 120758_442903.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CI000196
- ЭКБ идентификаторы
- 120758
- Редакция идентификаторы
- 120758_442903
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:17
0 Мұғалжар ауданының аумағында
қызметін жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін тіркелген
салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 546 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұғалжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мұғалжар аудандық мәслихатының
2018 жылғы 19 наурыздағы № 187
шешіміне қосымша
Мұғалжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш-термен)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
20
5
Карт
4
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10