Об установлении единых ставок фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- VI-25/222
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2020 120858_467709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KM004701
- ЭКБ идентификаторы
- 120858
- Редакция идентификаторы
- 120858_467709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:06
0 Бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарқаралы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы XXI сессиясының № VI- 21/181 «Қарқаралы ауданында 2018 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4503 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 қаңтардағы № 5-6 (11630) «Қарқаралы» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қарқаралы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Қарқаралы аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ VI - 25/222 шешіміне қосымша
Қарқаралы ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын
салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№
Салық салу объектісінің атауы
Айына тiркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептiк көрсеткiштер)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4
Ойын жолы
7
5
Карт
5
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10