О признании утратившим силу некоторых решений по земельному налогу Тюлькубасского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых решений по земельному налогу Тюлькубасского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Түлкібас аудандық мәслихатының жер салығы бойынша кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/12-06
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2018 120859_314407.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18UN004534
- ЭКБ идентификаторы
- 120859
- Редакция идентификаторы
- 120859_314407
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:04
0 Түлкібас аудандық мәслихатының
жер салығы бойынша кейбір
шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы №41/8-05 «Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3256 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі «Шамшырақ» газетінде жарияланған) және 2016 жылғы 30 маусымдағы №3/20-06 «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3804 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдедегі «Шамшырақ» газетінде және 2016 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс
тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;