Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по городу Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2020 120895_447896.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CA000186
- ЭКБ идентификаторы
- 120895
- Редакция идентификаторы
- 120895_447896
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:03
0 Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 7-баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 315 шешіміне 1 қосымша
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с
№
Салық салу объектілері
Мөлшерлемесі
(айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
8
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы (боулинг бойынша)
41
5
Карт
8
6
Бильярд үстелі
12
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
40
9 Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 315 шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілері
1 1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 «Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпанда «Ақтөбе» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 353 «Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-153 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;
3
3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 182 «Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 «Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5493 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда «Ақтөбе» газетінде және 2017 жылғы 23 мамырда «Актюбинский вестник» газетінде жарияланған) шешімі.