О дополнительных мерах по обеспечению противопожарной защиты населенных пунктов, лесной и степной зон области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың, елді мекендерін, орманды және далалы аймақтарын өртке қарсы қорғауды камтамасыз етудегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 674 шешімімен.
Облысты өртке қарсы қорғауға талдау жасау үстіміздегі жылы облыста өрт саны 1997 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 11% төмендігін, өрттен болған зардаптар - 16% қысқарғандығын көрсетеді.
Табиғи өрттер жағдайы да біраз тұрақтағандығы байқалады. 1998 жылғы 18 шілдедегі жағдай бойынша облыста 102 орман өрті шықты, бұл өткен жылдын тиісті мерзімімен салыстырғанда 70% аз. Өрт аландары 220 га болды (1997 жылғы тиісті мерзіммен салыстырғандағы өрт аландарынан 1% кем). Өрт жағдайларының жақсаруына атқарушы өкімет органдары, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық орман, балық және аң шаруашылығының, облыстық өртке қарсы қызмет басқармасының басшылары орман, дала өрттерінің алдын алу мен жою жөнінде жүргізіп отырған жүмыс едәуір маңызды әсер етті. Семей орман, балық және аң шаруашылығы басқармасының орман қорына авиациялық патруль жасау ұйымдастырылды, оның көмегімен Семей орман, балық және аң шаруашылығы бойынша барлық орман өрттерінің 60% астамы бастапқы кезінде жойылды.
Сонымен қатар облыс теміржол бөлімінің, Шығыс Қазақстан қазыналы автожолдар кәсіпорны басшыларының тарапынан жолдарға бөлінген өңірлерде минералданған алқаптар құру жөнінде шаралар толық қолданылған жоқ, осыған байланысты теміржол және автомобиль жолдары бойындағы орман алқаптарында өрттер шығу орын алуда.
Аудан әкімдері тарапынан ауыл шаруашылығы обьектілерін өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері толық дәрежеде шешілмеуде, «Өртке қарсы қорғанысты күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» ШҚО Әкімінің 1997 жылғы 5 тамыздағы № 138 шешімінің әрбір обьектіде жауынгерлік қабылетті өртке қарсы құрылымдар құру бөлегін орындау жөнінде осы обьектілердің басшыларына тиісті талап қойылмаған. Бородулиха, Абай және басқа бір қатар аудандардың елді мекендеріндегі өрт машиналары жұмыссыз жағдайда болуда, оларды қалпына келтіруге шара қолданылмауда. Күршім, Бородулиха, Көкпекті және басқа бірқатар аудандарда табиғи өрттерді жоюға қосымша қатыстырылатын күштер мен құралдарды жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен қамтамасыз ету қоры жасалмаған.
Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері өртке карсы сумен жабдықтау көздерін сақтап, ұстау мәселелеріне тиісті көңіл бөлмеуде. Мысалы, 1998 жылғы 1 маусымға қолдағы бар 6912 өрт гидранттары мен 903 су коймаларынан тиісінше 34,6% (239 гидранттар) және 42,6% (385 су коймалары) техникалық жағдайда.
Бұл мәселе жөнінде ең нашар жағдай Бородулиха, Бесқарағай, Катонқарағай, Тарбағатай, Жарма, Көкпекті, Үржар және Зайсан ау- дандарында калыптасты.
Облыстың, елді мекендерін, орманды және далалы аймақтарын өртке қарсы қорғауды күшейту, орман өрттерін дер кезінде табу, қалаларды, елді мекендерді және шаруашылық обьектілерін өрт сөндіру үшін нормативті сумен жабдыктау мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. «Қазақстан теміржолы» РЖТ-ның Защита жүк тасымалдау бөлімі (Кривобоков С.Л.), Семей жүк тасымалдау бөлімшесі (Қабышев Н.), Шығыс Қазақстан автомобиль жолдары қазыналы кәсіпорны (Федосов А.И.) жыл сайын, өрт қаупінің басталуы алдында, орман және далалы алқаптары арқылы өтетін теміржол және тасжол бойындағы учаскелердегі өңірлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды үйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Дьяченко А.С.) барлық елді мекендерді тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету жобасын жасап, жүзеге асырсын, 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде оның орындалғандығы туралы әкімшілікке баяндасын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері 1998 жылғы 1 қыркүйектегі мерзімге дейін орман және дала өрттерін сөндірудің аудандық жоспарлары негізінде табиғи өрттерді жоюға катыстырылатын күштер мен кұралдарды қамтамасыз ету үшін аудандарда жанар-жағар май материалдары мен азық-түлік қорларын күру туралы баяндасын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдері «Өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» ШҚО Әкімінің 1997 жылғы 5 тамыздағы № 138 шешімінің кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, әсіресе ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпорындарда, ведомстволық бөлімшелерде өртке қарсы қызметтер құру бөлімін бұлжытпай орындау жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) «Ормандарды авиациялық қорғау мен орман қорын қамтудьщ қазақ базасының» Өскемен авиациялық тобына облыс Әкімі қорынан, бюджетте төтенше жағдайларға көзделген қаражатгардан облыстьщ орман қорын авиациялык патрульдеу үшін мақсатты бағытта 3 (үш) миллион теңге бөлсін.
Тармақ 6
6. Елді мекендер мен шаруашылық обьектілерін сумен жабдықтаушы кәсіпорындар мен ұйымдар берешектілік себептері бойынша елді мекендер шебінде өрт гидранттары бар су құбырларын, ал шаруашылық субьектілерінде үйлер мен құрылыстарға кұбырларды іске қосуға дейін су құбырларын үзіп тастауға тыйым салсын.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару жөніндегі аумақтық комитет (Егізбаев Ж.Қ.) су қүбыры-коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу мәселесін қарау кезінде шарттарда су құбыры желілері мен өрт гидранттарын техникалық жарамды ұстау үшін жауапкершілікті көздесін.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік өртке қарсы кызмет (Коншу В.П.) 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде облыстың селолык елді мекендерінде тіректі пункттер, оның ішінде ерікті өрт жасақшылары негізінде тіректі пункттер ұйымдастыру жөнінде мәселе қарап, ұсыныстар берсін.
Тармақ 9
9. Қалалар мен аудандардың әкімдері ауданның елді мекендерін өртке карсы қорғаныспен камтамасыз ету, оның ішінде ауданның елді мекендеріндегі өрт техникасын (мемлекеттік өртке қарсы кызмет бөлімшелерінен басқа) қалпына келтіріп, жауынгерлік есепке енгізу мәселесін жеке қарап, шешім қабылдасын, техниканы сақтау үшін үйлер бөлу, техника мен үйлерді ұстауды каржыланжырудың тәртібін белгілеу мәселесін шешсін. Өрт машиналарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және елді мекендерді өртке қарсы бірқалыпты қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, аудандық жоспарларда оларды іске қосу тәртібін белгілесін. 1998 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде облыстык әкімшілікке атқарылған жұмыс туралы толық баяндау тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (Қалмаков А.Г.) 1999 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде өрт-химия стансаларын белгіленген нормаға сәйкес өрт техникасымен және өрт-техника каруларымен толыктыруды жүргізсін.
Тармақ 11
11. Қалалар мен аудандардың әкімдері 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде жазғы өрт шығу қаупі кезінде және төменгі температура жағдайларында өрттерді жою үшін сумен жабдықтаудың қазіргі желілрі мен құрылыстарының әзірлігін қамтамасыз етсін; сусыз елді мекендерде қарапайым сумен жабдыктау құрылыстарын (қарасу, су қоймасы, тоған, табиғи су көздеріне пирстер, кірмелер) салу мен іске қосуға қаражаттар іздестірсін.
Тармақ 12
12. Облыстық конкурстық комиссияның төрағасы (Құрманғалиев А.Ә.), калалар мен аудандардың әкімдері қалалар мен басқа елді мекендерді санитарлык тазарту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру құқысын конкурста жеңіп алған ұйымдарды көшелердегі гидранттарының қақпактары мен құдықтарын жарамды жағдайда ұстауға, қыс кезінде оларды қардан тазартуға және ГОСТ-қа сәйкес олардың орналасқан жерлерін көрсететін кұралдармен қамтамасыз етуге міндеттесін.
Тармақ 13
13. Бесқарағай ауданының әкімі Бөдене, Лесное, Кривинка, Қазыбай, Ново-Николаевка, Канонерка, Большая Владимировка селоларының 334 өрт гидранаттары бар сумен жабдыктау желілерін салу мен пайдалануға беруді аяқтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 14
14. Осы шешімді кабылдауға байданысты ШҚО Әкімінің 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 242-к шешімі бұзылсын.