Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возврата необоснованно выплаченной компенсации

Бұйрық · № 44 · қабылданған 30.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120923/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил возврата необоснованно выплаченной компенсации Қолданыста Бұйрық ·№ 44 ·30.03.2018
30.03.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возврата необоснованно выплаченной компенсации

Қолданыста Бұйрық ·№ 44 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возврата необоснованно выплаченной компенсации
Атауы (қаз.)
Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
44
Қабылданған күні
30.03.2018
Көрсетілген редакция
30.03.2018 120923_313452.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016763
ЭКБ идентификаторы
120923
Редакция идентификаторы
120923_313452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:02

0 Негізсіз төленген өтемақыны қайтару

қағидаларын бекіту туралы
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (Қожамжаров Қ.П.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында осы бірлескен бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

4

4. Бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысына жүктелсін.

8 Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары

Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2018 жылғы 30 наурыздағы № 44,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 29 наурыздағы № 217,
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 30 наурыздағы № 416,
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 28 наурыздағы № 181,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының
2018 жылғы 28 наурыздағы № 77
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының
2018 жылғы 29 наурыздағы № 27
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Негізсіз төленген өтемақыны қайтару
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және негізсіз төленген өтемақыны қайтару тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Негізсіз төленген өтемақыны қайтару тәртібі

2 2. Жәбірленушілерге өтемақы қоры (бұдан әрі - Қор) қаражаты есебінен өтемақы төлеу негізсіз жүргізілген жағдайда прокуратура органдары оларды қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

3 3. Мыналар:

1 1) Заңда көзделген негіздердің болмауы;

2 2) анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсыну;

3 3) кінәлі адамның жәбірленушіге келтірілген зиянды толық көлемде өтеуі;

4 4) қылмыстық процесті жүргізетін органның жәбірленуші ретінде адамның қатысуын тоқтату туралы қаулысы;

5 5) қылмыстық құқық бұзушылықтарды Заңның 6-бабына сәйкес өтемақы төлеу көзделмеген құрамға қайта саралау (қылмыстық процесті жүргізетін орган);

6 6) қылмыстық істі тоқтату (қылмыстық процесті жүргізетін орган) не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты соттың ақтау үкімінің заңды күшіне енуі Қордың қаражаты есебінен өтемақының төленуі негізсіз деп тану жағдайлары болып табылады.

4

4. Қордан жәбірленушілерге негізсіз төленген өтемақыны қайтару үшін негіздер туындаған кезде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осындай негіздерді анықтаған сәттен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде (прокурормен қылмыстық құқық бұзушылықтарды Заңның 6-бабына сәйкес өтемақы төлеу көзделмеген құрамға қайта саралау және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату жағдайларын қоспағанда) растайтын құжаттарды қоса тіркеп, прокурорға хабардар етеді.

5 5. Негізсіз төленген өтемақыны өндіру туралы мәселені шешкен кезде прокурор өтемақы алушыны өз еркімен оларды қайтару құқығын түсіндіре отырып, ақшаны Қордан төлем жүргiзудің мән-жайлары туралы түсініктемелер алу үшін шақыртуға құқылы.

Негізсіз алынған өтемақы қайтарылмаған жағдайда (оның ішінде өтемақыны алушыдан түсініктеме алу мүмкіндігі болмаған кезде) прокурор Заңның 11-бабына сәйкес 10 жұмыс күні ішінде сотқа арызбен жүгінеді.

6 6. Талап қою үшін жеткіліксіз құжаттар ұсынылған кезде прокурор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органына пысықтау үшін оларды қайтаруға құқылы.

7 7. Өтемақы төлеу қорынан негізсіз төленген төлемдерді қайтару туралы түскен материалдарды зерделеу барысында прокурор өтемақыны негізсіз тағайындауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдайды (қажет болған жағдайда тексеру жүргізіледі).

Қолданыстағы