Об утверждении перечня автомобильных дорог общего пользования областного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня автомобильных дорог общего пользования областного значения
- Атауы (қаз.)
- Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 117/3
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2025 120953_757703.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18P0005955
- ЭКБ идентификаторы
- 120953
- Редакция идентификаторы
- 120953_757703
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:02
0 Облыстық маңызы бар
жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабы 7-тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұ.Е. Жазылбекке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары
Комитетінің төрағасы
__________________ М.Қ. Пішембаев
2018 жылғы «02» сәуір
5 Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы «30» наурыздағы
№ 117/3 қаулысына
қосымша
Павлодар облысының облыстық маңызы бар
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
тізбесі
Р/с
№
Автожол индексі
Автомобиль жолының атауы
Автожолдың мекенжайы, шақырым
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KS-1
Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясының шекарасы
0-108
108,0
2
KS-2
Окунев өткеліне кіреберіс жол
0-9
9,0
3
KS-3
Подстепка өткеліне кіреберіс жол
2,728-9,141
6,413
4
KS-4
Беловка – Қалқаман
0-61
61,0
5
KS-5
Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол
0-6,5
6,5
6
KS-6
Ақтоғай – Шолақсор
0-164
164,0
7
KS-7
Ертіс – Пятирыжск (өткел)
0-6,2
6,2
8
KS-8
Ертіс – Ертіс станциясы
0-67,1
67,1
9
KS-9
Панфилово – Бестөбе
0-79,3
79,3
10
KS-10
Ивановка – Трофимовка – Ресей Федерациясының шекарасы
0-95
95,0
11
KS-11
Шақат – Восточное – Шалдай
0-121,6
121,6
12
KS-12
Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол
0-2,5
2,5
13
KS-13
Окунев өткеліне кіреберіс
0-3,5
3,5
14
KS-14
Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты
0-149
149,0
15
KS-15
Павловка – Галицкое
0-40
40,0
16
KS-16
Екібастұз – ГРЭС-2
0-26,9
26,9
17
KS-17
Майқайың – Екібастұз
0-29
29,0
18
KS-18
Жаңа Жұлдыз – Петропавловка
0-35,004
35,004
19
KS-19
Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр
Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз
0-112,024
112,024
Барлығы:
1122,041