Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 3 · қабылданған 10.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-120976/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 ·10.04.2018
10.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
10.04.2018
Көрсетілген редакция
10.07.2018 120976_341039.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NHH07714
ЭКБ идентификаторы
120976
Редакция идентификаторы
120976_341039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:54

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 01-27/146 ұсынысы негізінде Денисов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Денисовка ауылының аумағында орналасқан «Тобольское-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Денисов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі

көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ В. Шерер
2018 жылғы «10» сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________________ Қ. Исмағұлов
2018 жылғы «10» сәуір
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________________ Б. Байгелов
2018 жылғы «10» сәуір

Қолданыстағы