О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/4-VI
- Қабылданған күні
- 29.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 120986_455278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VS000178
- ЭКБ идентификаторы
- 120986
- Редакция идентификаторы
- 120986_455278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:06
0 Тіркелген салық
мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шемонаиха ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-146 тіркелді, 2011 жылғы 21 сәуірде «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланды).
2
2) «Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» 2011 жылғы 19 наурыздағы № 35/6-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 41/6-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-162 тіркелді, 2012 жылғы 12 қаңтарда «ЛЗ Сегодня» газетінде жарияланды).
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Шемонаиха аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 23/4-VІ шешiмiне
қосымша
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салық мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
5
7
Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті
5