О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/12-VІ
- Қабылданған күні
- 28.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2018 121013_337342.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VE000142
- ЭКБ идентификаторы
- 121013
- Редакция идентификаторы
- 121013_337342
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:08
0 Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 546-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Абай ауданы бойынша қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы»
Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2646 болып тіркелген, 2012 жылғы 15-22 қыркүйек «Абай елі» газетінде жарияланған) шешімі;
2
2) «Тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 тамыздағы № 6-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қазандағы № 6/5-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4725 болып тіркелген, 2016 жылғы 8-15 қараша «Абай елі» газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі 2016 жылғы 11 қарашада жарияланған) шешімі.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
6 Абай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 22/12-VІ шешіміне қосымша
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10