Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 925 · қабылданған 28.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121045/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 925 ·28.12.2017
08.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 925 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
925
Қабылданған күні
28.12.2017
Көрсетілген редакция
08.09.2020 121045_481632.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016762
ЭКБ идентификаторы
121045
Редакция идентификаторы
121045_481632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:16

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1

1) «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкте жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларында:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – ұйым) емтихан тапсыру үшін, уәкілетті органға не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына көрсетілген бұйрықтын 1-қосымшасына сәйкес үлгіде Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруға өтініш ұсынады.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Емтиханды алғаш рет тапсырған тұлғаларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәлік беріледі.
13. Емтихан тапсыру қорытындылары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хаттамамен ресімделеді.»;
көрсетілген қағиданың 1 және 2-қосымшалары, осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес, 3-қосымшамен толықтырылсын;

2

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
__________________Д. Абаев
2018 жылғы 11 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 20 наурыз

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрiнiң 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 925 бұйрығына
1-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ )
Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 79-бабы,
8-тармағының талаптарына сәйкес, басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін
емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру күнің белгілеп, емтихан
қабылдауды сұраймын ____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
1. _____________________________________________________
2. _____________________________________________________
3. _____________________________________________________
4. _____________________________________________________
(емтихан тапсырушының Т.А.Ә., лауазмы)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
___________________________ _____________________________
(мекеме басшысының лауазымы) (Т.А.Ә. басшының қолы)

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрiнiң 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 925 бұйрығына
2-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
1. Куәлік мұқабасы қатты;
2. Куәлік өлшемі - 204 х 65 мм;
3. Фото - 3х4;
4. Білімін қайта тексеру жөніңдегі қосымша беттер - 4 парақ.

2 № ____ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 925 бұйрығына
3-қосымша
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын
заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
№ ____ХАТТАМА
20__ жылғы «____» _______ ________________________
Комиссия құрамы:
Төраға: ______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ ), лауазымы
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық
актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының
көлемінде білімді тексеру жүргізілді:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
р/с №
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Білімі
Комиссия қорытындысы (тапсырды,тапсырмады)
1.
2.
3.
Комиссия төрағасы _____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері _____________________________
_____________________________
_____________________________

3 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрiнiң 2017 жылғы
28 желтоқсандағы № 925 бұйрығына
4-қосымша

Қолданыстағы