Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уилскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уилскому району
- Атауы (қаз.)
- Ойыл ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 26.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2020 121070_449432.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CK000127
- ЭКБ идентификаторы
- 121070
- Редакция идентификаторы
- 121070_449432
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:12
0 Ойыл ауданы бойынша тіркелген
салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ойыл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 126 «Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5723 тіркелген, 2017 жылғы 14 желтоқсанда «Ойыл» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ойыл аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы
26 наурыздағы № 180 шешіміне
қосымша
Ойыл ауданынның аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3
7
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
10