О ставках фиксированного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках фиксированного налога
- Атауы (қаз.)
- Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27/7-VI
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2020 121114_468359.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VL000151
- ЭКБ идентификаторы
- 121114
- Редакция идентификаторы
- 121114_468359
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:03
0 Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы Кодексінің (Салық Кодексі) 546-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зырян ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге, салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай айлық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемесін белгілеу туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2009 жылғы 24 наурыздағы № 18/3-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-12-79 нөмірімен тіркелген, «День за днем» газетінде 2009 жылғы 7 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Зырян ауданының
мәслихатының 2018 жылғы
30 наурыздағы
27/7-VI шешіміне қосымша
№
р/с
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштермен)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4
Ойын жолы
7
5
Карт
4
6
Бильярд үстелі
6
7
Уәкілетті ұйымның айырбастау пункті
10