Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 269
- Қабылданған күні
- 03.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 121120_502556.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VD000171
- ЭКБ идентификаторы
- 121120
- Редакция идентификаторы
- 121120_502556
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:59
0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген), мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Риддер қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «03» сәуірдегі
№ 269 қаулысына
қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
Жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден артық адам
4