Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Сырымскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Сырымскому району
- Атауы (қаз.)
- Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-2
- Қабылданған күні
- 06.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 121133_534081.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZJ005176
- ЭКБ идентификаторы
- 121133
- Редакция идентификаторы
- 121133_534081
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:56
0 Сырым ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Сырым аудандық мәслихатының
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№25-2 шешіміне
қосымша
Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объект
Есептік бірлік
Нормасы, жылына 1 есептік бірлік куб метрге
1.
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,86
2.
Жатақханалар, интернаттар және тағы сол сияқтылар
1 орын
0,52
3.
Қонақ үйлер, демалыс үйлері
1 орын
0,65
4.
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,26
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,77
6.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,95
7.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,12
8.
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
0,10
9.
Ойын-сауық орталықтары
1 орын
0,18
10.
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,07
11.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,06
12.
Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,25
13.
Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,08
14.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары
Жалпы алаңы 1 м2
0,09
15.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,07
16.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар
1 машина-орын
1,30
17.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,24
18.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
1,43
19.
Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері
Жалпы алаңы 1 м2
0,14
20.
Аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,39
21.
Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы басқалар)
1 жұмыс орны
1,17
22.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,10
23.
Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар
1000 қатысушы
0,16
Аббревиатураның толық жазылуы:
м2- шаршы метр.