Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня категорий товаров, не подлежащих помещению под таможенную процедуру свободной таможенной зоны в специальных экономических зонах или в отдельных специальных экономических зонах, созданных (создаваемых) на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 217 · қабылданған 05.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121185/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня категорий товаров, не подлежащих помещению под таможенную процедуру свободной таможенной зоны в специальных экономических зонах или в отдельных специальных экономических зонах, созданных (создаваемых) на территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 217 ·05.04.2018
05.04.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня категорий товаров, не подлежащих помещению под таможенную процедуру свободной таможенной зоны в специальных экономических зонах или в отдельных специальных экономических зонах, созданных (создаваемых) на территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 217 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня категорий товаров, не подлежащих помещению под таможенную процедуру свободной таможенной зоны в специальных экономических зонах или в отдельных специальных экономических зонах, созданных (создаваемых) на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
217
Қабылданған күні
05.04.2018
Көрсетілген редакция
05.04.2018 121185_317094.kaz
Соңғы өзгеріс
05.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016778
ЭКБ идентификаторы
121185
Редакция идентификаторы
121185_317094
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:57

0 Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 281-бабы 13-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 5 сәуір

0 Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 5 сәуірдегі
№ 217 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда немесе жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) арнайы экономикалық аймақтарда (бұдан әрі – АЭА) немесе жекелеген АЭА еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлар санаттарына мыналар жатады:

1 1) аталған аумақта шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (дәрі-дәрмек құралдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника);

2 2) аталған аумақта төтенше жағдайларды жою мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдар арасында өтеусіз таратуға арналған дәрі-дәрмек құралдары, сондай-ақ материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы құрал-жабдықтар);

3 3) аталған аумақта апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында АЭА аумағына әкелінетін тауарлар (материалдар, көлік және техникалық құралдар, арнайы жабдықтар);

4 4) аталған аумақта құқықты тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары және қорғау қызметінің субъектілері АЭА-ның аумағына әкелетін тауарлар (қару (атыс, травматикалық) және оған арналған оқ-дәрілері, арнайы құралдар, көлік және техникалық құралдар).

2

2. Осы Тізбенің 1-тармағындағы Ереже «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін АЭА қоспағанда, Қазақстан Республикасының аймағында құрылған (құрылатын) АЭА-да, соның ішінде порттық және логистикалық АЭА-ға қолданылады.

Қолданыстағы