О территориальной подсистеме государственной системы предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайларды жою және сақтандыру жөніндегі мемлекеттік жүйенің аумақтық кіші жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 29-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 "Төтенше жағдайларды жою және сақтандыру жөніндегі мемлекеттiк жүйенiң аумақтық кіші жүйесі туралы" қаулысына сәйкес, сұрапыл апаттардан, күйреулерден және табиғи апаттардан туындаған төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыруды ұйымдастыру жөнiндегi ұйымдардың басқару органдары мен жергілікті атқару органдарының қызметтерiн үйлестiрудi жетiлдiру, бұл саладағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайларды жою және сақтандыру жөніндегі аумақтық кіші жүйесі туралы ереже бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайларды жою және сақтандыру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың негізгі міндеттері анықталсын (3 қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі аумақтық кіші жүйенің жұмысына жалпы басшылық жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 6. Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттiк жүйесiнің облыстық аумақтық кіші жүйесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 12 наурыздағы
№ 25 шешіміне 1 қосымша
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттiк жүйесiнің облыстық аумақтық кіші жүйесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі аумақтық кіші жүйесінің негiзгi мiндеттерiн, қызмет тәртібі мен ұйымдастыру бағыттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жою және олардан сақтандырудың аумақтық кіші жүйесі - бұдан әрі (аумақтық кіші жүйе), соғыс және бейбіт кезеңдерде төтенше жағдайлар (ТЖ) туралы ескерту, төтенше жағдайлар болған кезде-құтқару, апаттық-қалпына келтіру және басқа да кідіртілмейтін жұмыстарды жүргізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау және шаруашылық субъектілерінің шығынын азайту үшін құрылады.
Әлеуметтік-саяси, ұлтаралық жанжалдар, топтасқан тәртіпсіздіктер мен олардың зардабын жоюды ескерту, сондай-ақ, ТЖ қорытындысынан бүлінген аймақтар мен ұйымдарды қалпына келтіру аумақтық кіші жүйе құзырына кірмейді.
Тарау 2. 2. Аумақтық кіші жүйенің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Аумақтық кіші жүйенің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 3
3. Аумақтық кіші жүйенің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) ТЖ жою мемлекеттiк және олардан сақтандыру бойынша бірыңғай мемлекеттiк саясат жүргізу, бейбiт және соғыс кезеңдерінде туындаған төтенше жағдайлар материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау;
Тармақша 2
2) Конституция, Қазақстан Республикасының заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды орындауда халықты қорғауды, техникалық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі экономикалық және нормативтік-құқықтық шараларды қалыптастыру;
Тармақша 3
3) апаттар, күйреулер, табиғи және экономикалық апаттар, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия туындаған жағдайларда төтенше жағдайлардан сақтандыруға, адамды және оның қоршаған ортасын қорғауға ұйымдар мен инфрақұрылымдар қызметінің тұрақтылығын күшейтуге бағытталып дайындалған мемлекеттік мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерін орындау;
Тармақша 4
4) басқарма пункттері мен органдарының, байланыс және хабарлау жүйелерінің, аумақтық кіші жүйенің құрал-жабдықтары мен күштерінің төтенше жағдайларда қызмет етуге дайын болуын және апатты жою жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайлар жағдайлар салдарларын болжау және бағалау, бірінші кезекте зардап шеккен халықты керек-жарақтармен қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы халықты оқыту және даярлау, аумақтық кіші жүйенің мамандарын даярлау және олардың біліктігін көтеру;
Тармақша 7
7) құзырлы өкілдер қол қойған келісімдер мен өзара көмек жоспарларына сәйкес, төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру істері бойынша аумақтық және трансшекаралық сипаттағы Қазақстан Республикасының Солтүстік қазақстан, Ақмола, қарағанды облыстары және Ресей Федерациясының Орынбор, Челябі, қорған облыстарымен өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Қызметті ұйымдастыру
3. Қызметті ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Аумақтық кіші жүйенің құрамына енгізіледі:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма және қала, аудан әкімдері жанындағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімдер;
Тармақша 2
2) облыстық, қалалық, аудандық төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс қызметтерінің кезекші-диспетчерлік қызметінің басқару органдары;
Тармақша 3
3) техногенді апаттар, күйреулер және тілсіз қияпат салдарын жою және олардан сақтандыру мәселелерін шешуді ұйымдастыратын, арнайы құрылымдар мен қызметтердің кезекші-диспетчерлік қызметінің басқару органдары;
Тармақша 4
4) өзара көмек жоспарларымен тартылған мемлекеттік өртке қарсы қызмет, құтқару бекеттері және іздестіру-маневрлі топтар, судан құтқару қызметтері, әскерилендірілген тау-құтқару бөлімі, қалпына келтіру және өрт поездары, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі аумақтық және объектілік құрылымдар, ішкі істер министрлігі қостанай гарнизонының және қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері;
Тармақша 5
5) облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының өрт-химия бекеттері, бірыңғай әуе іздестіру-құтқару қызметінің бөлімшелері, гидрометеорологиялық желілер, сейсмологиялық бақылау және лабораториялық қарау, бақылау желілері.
Тармақ 5
5. Аумақтық кіші жүйеге кіретін басқару органдары мен күштердің жұмысын үйлестiру үшiн, төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөнiндегi мынадай комиссиялар құрылады:
Тармақша 1
1) облыстық төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру комиссиясы;
Тармақша 2
2) қалалық және аудандық төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру комиссиялары;
Тармақша 3
3) облыстық эпидемияға қарсы комиссия;
Тармақша 4
4) облыстық көлік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету комиссиясы.
Аталған комиссиялардың шешiмдерi ұсыныс түрінде сипатталды және аумақтық кіші жүйенiң басқару органы табиғи, техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөнiндегi шаралар өткізу кезінде ескереді.
Тармақ 6
6. Төтенше жағдайлардың жою және олардан сақтандыру жөнiндегi аумақтық кіші жүйе өзіне келесі қалалық (аудандық) және объектiлiк жүйелерді қосады:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық жүйелер, қабылдаған әкімшілік-территориялық бөліктерге сәйкес болады және өз ведомствосы аймағында төтенше жағдайларды жою мен олардан сақтандыруды жүзеге асырады, құрамына төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бөлімі (жауапты қызметкер), аумақтық және объектілік, штатты мамандырылған құрылымдар кіреді;
Тармақша 2
2) объектілік жүйелер ұйымдарда құрылады және өз басқаруындағы объектілерінде төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыруды жүзеге асырады.
әрбiр объектілік жүйеге - басқару органы, кезекшiлік-диспетчерлік қызмет, қауіпті объектілердегі жағдайды бақылау күштерi мен құрал-жабдықтар, төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асыратын күштер мен құрал-жабдықтар кіреді.
Объектілік төтенше жағдайларды жою күштері мен құрал-жабдықтарына басшылықты осы объектілердің басшылары жүргізеді, жергілікті масштабта төтенше жағдайлар туындаған кезде тартылған күштер мен құрал-жабдықтардың жұмысын үйлестіруді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мен төтенше жағдайлар басқармасы жүргізеді.
Тармақ 7
7. Азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мәселелерді шешуден, осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар (кәсiподақтар, құтқару құрылымдары қауымдастығы, ерiктi қауымдар және басқа да қоғамдық құрылымдар) Қазақстан Республикасы заңдарына және олардың жарғыларына сәйкес ерікті түрде қатыстырылуы мүмкін. Бұл тапсырмаларды олар халық арасында, өз мүшелерi арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу арқылы, сондай-ақ түрлi апаттардан сақтандыру және олардың келеңсiз салдарын азайтуға бағытталған, ұзақ мерзімді мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу арқылы, апатты-құтқару жұмыстарын, апат аймағында зардап шеккен халыққа көмек көрсету (арнайы дайындықтан өткені туралы аттестациясы болған жағдайда) арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Аумақтық кіші жүйеге басшылық жасауды облыс әкімі жүзеге асырады, аумақтық кіші жүйені басқарған кездегі оның жұмысшы органы болып төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма табылады. Басқарманың қызметі, міндеттері мен құқығы оның мемлекеттік мекеме туралы ережесімен белгіленеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінулер мен объектілік жүйелер деңгейіндегі аумақтық жүйелерге басшылықты қала, аудан әкімдері жүзеге асырады, олардың жұмысшы органдары азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдер мен штабтар (жауапты қызметкерлер) болып табылады.
Шешімдер қабылдаған кезде, аумақтық кіші жүйе және жүйе ішілік құрамның басшы органдары және оның құрамына кіретін жүйелер төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі тиісті комиссиялардың ұсыныстарын ескереді.
Облыстық төтенше жағдайлар, эпидемияға қарсы, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ережелерді облыс әкімі бекітеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияны облыс әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
қалалық, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың құрылымы мен құрамын, сондай-ақ олар туралы ережені тиісті қала (аудан) әкімі бекітеді. Комиссияны қала (аудан) әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
Тармақ 9
9. Аумақтық кіші жүйенің күнделікті басқару органы - төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма болып табылады, оның жедел бағынышты қарамағына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) қалалар мен аудандардың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдері (жауапты қызметкерлері);
Тармақша 2
2) облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің құрылымдары, ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелері және кезекші-диспетчерлік қызметтер.
Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға, аумақтық кіші жүйе құрал-жабдықтары мен кезекші күштерін қолдану туралы шешім қабылдау және төтенше жағдайлардың алғашқы сағаттарында халыққа көмек көрсету, құтқару жұмыстарын үйлестіру міндеттері жүктелінеді.
Тармақ 10
10. Аумақтық кіші жүйе күштері мен құрал-жабдықтары бақылау және төтенше жағдайларды жоятын күштер мен құрал-жабдықтар болып бөлiнедi:
Тармақша 1
1) бақылау және қадағалау күштерi мен құрал-жабдықтары мыналардан тұрады:
басқарманың төтенше жағдайлар жөніндегі кезекшілік қызметінен;
қалалар мен аудандар әкімдерінің кезекшілік қызметінен;
ұйымдар мен аса қауіпті объектілердің кезекшілік-диспетчерлік қызметінен;
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметін лабораториялық бақылау және қадағалау желілерінен;
гидрометеорологиялық және сейсмикалық қадағалау желілерінен;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды жою күштері мен құрал-жабдықтары мыналардан құралады:
ұйымдардың штатты мамандандырылған арнайы құрылымдары мен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінен;
азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың аумақтық және объектілік құрылымдарынан.
Тармақ 11
11. өртке қарсы мемлекеттік қызмет, қорғаныс министрлiгi, Ішкі істер министрлігі, қостанай гарнизонының әскери бөлімдерінің, әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар құрылымдары және өзге де осындай түрлі ұйымдардың кәсіби қызметтері базасында, өзара көмек жоспарына сәйкес, аумақтық кіші жүйе басшысының шешімімен, мүмкіндігіне байланысты, төтенше жағдайларды жедел жою және тоқтатуға тарту үшін, облыстық әр аудандарында, республиканың басқа аймақтарына көмек көрсететін, тұрақты дайындықта тұратын, апаттан құтқару және апатты қалпына келтіру бөлімшелері құрылады.
Тармақ 12
12. Аумақтық кіші жүйе қызметі жоспарлаудан, дайындалудан, соғыс және бейбіт кезеңдердегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудан тұрады.
Жағдайларға байланысты аумақтық кіші жүйенің қызметі үш тәртiптемеден тұрады: күнделiктi қызмет, күшейтілген дайындық, төтенше жағдайлар.
Аумақтық жүйенің осы немесе басқада қолдану тәртіптемелерін енгізу туралы шешімді, нақты жағдайларды ескере отырып облыс әкімі қабылдайды.
Жағдайларға байланысты аумақтық кіші жүйе және оның жүйелерi бiр уақытта әртүрлi тәртіптемеден қызмет етуі мүмкін.
Тармақ 13
13. әдетте, төтенше жағдайларды жоюға тiкелей басшылықты мыналар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) таралуы өндiрiс орнымен, объект аумағымен шектелген объектілік төтенше жағдайларға - керек жағдайларда аймақтық қалалар мен аудандардың аумақтық жүйелерінің басшы органдарының қатысуымен, ұйымдардың басшылары;
Тармақша 2
2) облыс, қала (аудан) аумағымен таратылуы шектелген жергілікті төтенше жағдайларға - облыстық төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру комиссиялары жағынан қызметін үйлестірген кезде төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма жүзеге асырады.
қала, аудан әкімдері және және ұйымдардың бiрiншi басшылары аумақтық кіші жүйе басшы органының тапсырмаларын орындамағаны немесе уақытында орындамағаны үшiн жауапкершілікті мойындарына алады.
Тармақ 14
14. Төтенше жағдайларды жою, олар туындаған аумақтағы және объектідегі, аумақтық (қалалық, аудандық) және объектілік жүйенің күштерi және құрал-жабдықтарымен жүргізіледі.
Егер аумақтық (қалалық, аудандық) және объектілік жүйелердің басшы органдарының төтенше жағдайларды тоқтатуға және жоюға шамалары жетпесе, онда қала (аудан) әкімдері, ұйымдардың бірінші басшыларының ұсынысымен, облыс әкімінің нұсқауы бойынша, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма аумақтық кіші жүйе күштері мен құрал-жабдықтарын қосуға ұйғарым береді.
қостанай гарнизонының әскери бөлiмдерi, төтенше жағдайларды жоюға, бекітілген өзара көмек жоспарына сәйкес тартылады.
Тармақ 15
15. Халықтың қауiпсiздiгi мен оларды қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және төтенше жағдайлар кезінде, ұйымдардың қызметтерінің тұрақтылығы жөніндегі мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруды, төтенше жағдайлар әсерін тұрақтандыруды азайту, апаттар, күйреулер, табиғи күштер және басқа да қасіреттерді жоятын қолда бар күштер мен құрал-жабдықтарды дайындау мақсаттарында, тиісті басшы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Төтенше жағдайлар қорғану әдістеріне халықты-даярлауды, оқытуларды, дайындықтарды, жұмыс орны бойынша сабақтарды және үйретулерді өз бетімен және ақпарат құралдары арқылы жүргізу барысында, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, аумақтық (аудандық, қалалық) және объектілік жүйелердің басшы органдары жүзеге асырады. Аумақтық кіші жүйе және оның жүйелерінің басқару органдары мамандарын. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің республикалық дайындау және оқыту орталығы және төтенше жағдайлар басқармасының оқыту, даярлау орталығы дайындайды.
Тармақ 17
17. Аумақтық кіші жүйені ұйымдастыруды, басқару органдарының дайындығы мен даярлық деңгейін және кіші жүйе күштері мен құрал-жабдықтарын жетілдіру мақсатында, кіші жүйе, әр жыл сайын өз жүйесінде жаттығулар, тексерулер және дайындық жұмыстарын жоспарлайды және жүзеге асырады. Оқытулар мен жаттығулардың сипаты, өткізілу мерзімдері, көлемі және жүргізу жоспары белгіленген тәртіппен дайындалады және бекітіледі.
Басқа 51. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмiнiң
2002 жылғы 12 наурыздағы
№ 25 шешiмiне 2 қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі Комиссия) консультативтік-кеңестік орган болып табылады және сұрапыл апаттардан, күйреулерден, табиғи және басқа да бақытсыздықтардан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірегей мемлекеттік саясат қалыптастыру және жүргізу жөнінен ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілеттігін жергілікті атқарушы органдармен және барлық меншік нысанындағы ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның құқықтары мен негізгі міндеттері
2. Комиссияның құқықтары мен негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) сұрапыл апаттардан, күйреулерден табиғи және тағы басқа да бақытсыздықтардан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірегей мемлекеттік саясат жүргізу;
Тармақша 2
2) сұрапыл апаттардан, күйреулерден, табиғи және басқа да бақытсыздықтардан туындаған төтенше жағдайлардан облыс аумағын, халықты қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шаралар жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында бірегей техникалық саясат жүргізу;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлардың алдын алу және ол болған кезде және іс-қимыл жасаудың облыстық аумақтық кіші жүйесін одан әрі дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын белгілеу;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайларды алдын алуға, халықты және облыс аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған мемлекеттік мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) сұрапыл апаттардың, күйреулердің және басқа да бақытсыздықтардың нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды медициналық ақтау, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Комиссияның облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мыналарға құқы бар:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметтерін үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесімдер әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, олардың қызметі бойынша Комиссия жұмысына қажетті ақпарат сұратуға;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, оның ішінде жергілікті бюджеттен бағдарламалық і-шараларды іске асыруға бөлінген қаражатты мақсатты пайдалануға байланысты мемлекеттік мақсатты бағдарламалардың орындалуына талдау жасауды жүргізуге;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде талдау, сараптау және басқа жұмыстарды орындау үшін облыстық кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларының келісімдері бойынша) тартуға.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, оның орынбасары төтенше жағдайлар жөніндегі, басқарма бастығы болады.
Тармақ 6
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия өзінің жұмысын оның Төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссияның мәжілісі қажетіне қарай, кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Тұрғындардың өміріне және қауіпсіздігіне қатер төндіретін төтенше жағдай туындағанда шұғыл етеді. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Облыс әкімінің немесе әкімияттың шешімдерін қажет ететін мәселелер бойынша Комиссия белгіленген тәртіпте тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 8
8. Комиссияның құзырына сәйкес қабылдайтын шешімдері ұсыныс жасау сипатында болады.
Тармақ 9
9. Комиссия облыс әкімін Комиссия қарайтын және шешетін мәселелер жөнінде хабардар етеді.
Басқа 76. Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың міндеттері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмiнiң
2002 жылғы 12 наурыздағы
№ 25 шешiмiне 3 қосымша
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың міндеттері
Қостанай облысының әкімі
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттік жүйенің аумақтық кіші жүйесіне басшылық жасау.
Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының көрші жатқан облыстарын жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы, сондай-ақ, облыс аумағынан табиғи және техногенді күйреулердің трансшекаралық әсер ету қауіпті туралы хабардар ету.
Ішкі iстер басқармасы
Төтенше жағдайлар кезінде материалдық және мәдени құндылықтармен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар болған аудандарды оқшаулау.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар болған аймақтарға жіберілген жүкті алып жүру және сақталуын қамтамасыз ету.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларда (әрі қарай Ақ пен ТЖ), қоғамдық тәртіпті сақтау қызметтерінің төтенше жағдайларға әр кезде дайын тұруын қамтамасыз ету және құру. Төтенше жағдайларда немесе оның қауіпті туындаған кездерде байланыс және хабар берудің жалпы жүйесіне қатысу.
Денсаулық сақтау басқармасы
Төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек қызметін және Ақ пен ТЖ медициналық қызметтерін құру және оларға басшылық жасау.
Төтенше жағдайлар аймақтарында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Аса қауіпті инфекциялық аурулардың пайда болуы мен тарауына қарсы және оларды жоюға арналған шаралар өткізу. Эпидемиялық жағдай туралы көрші облыстарымен хабар алмасу.
Халық арасында санитариялық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
Инфрақұрылым және құрылыс департаменті, жол шаруашылығы және көлік департаменті
Қауiптi өндiрiс объектiлердiң, сондай-ақ төтенше жағдайларда пайдаланылатын объектiлердiң құрылыс саласына және инженерлiк жағынан қорғалуына бақылау жасау мен нормативтiк қамтамасыз ету.
Құрылыс конструкциялары апаттар тілсіз қияпаттар және техногенді күйреулер кезінде бүлінген, қираған ғимараттар жөнінде мәліметтер банкін жасау.
Сенімді, қауіпсіз және берік жолдарды, жол өткелдері мен көпірлерді жобалау және салуды қамтамасыз ету және орындалуын бақылау. Төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізу үшін керекті ресурстарды тасымалдауды ұйымдастыру.
Төтенше жағдайларға Ақ пен ТЖ коммуналды-техникалық, инженерлік жолдар және көпірлер қызметтерін құру және әрдайым дайындықта болуын қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаменті, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
Эпизоотология, фитопатология және токсикологиялық бақылау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестiру, оларды жою. Тыйым салу шараларын ұйымдастыру.
Ауыл шаруашылығына қажетті табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды баға беретін ақпараттарды жедел жинау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ету.
Халық арасында эпизоотия мен эпифитотияның таралуынан сақтандыратын санитариялық-түсініктеме жұмыстарын жүргізу.
Төтенше жағдайлар болған жағдайларда сақтану шараларын халыққа үйрету.
Төтенше жағдайларға Ақ пен ТЖ өсімдіктер мен жануарларды қорғау қызметтерінің әрдайым дайындықта болуын қамтамасыз ету.
Экономика, индустрия және сауда департаменті
Соғыс және бейбіт кезеңдерге керекті азық-түлік пен өндірістік тауарлар қорын құру, оларды сақтауды қамтамасыз ететін шараларды енгізу және жүзеге асыру.
Төтенше жағдайларға Ақ пен ТЖ сауда және тамақ қызметтерін құру және әрдайым дайындықта болуын қамтамасыз ету.
Қаржы департаменті, еңбек халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасы. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (келісім бойынша)
Төтенше жағдайларды жою және олардың сақтандыру жұмыстарын қаржыландыру, зардап шеккен халыққа көмек көрсету.
Төтенше жағдайларды жою үшін қаржы қорын құру. Зардап шеккен халықты уақытша баспанамен, өте қажетті мүліктермен, тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің департаменті (келiсiм бойынша)
Төтенше жағдайлар басқармасына төтенше жағдайлардың шығу мүмкіндіктерді мен сипаты жайлы, олардың себебі, Ресей Федерациясының көрші облыстарындағы эпидемиялық жағдай, төтенше жағдайды қасақана туындатқан адамдар мен қылмыстық топтардың нақты әрекеті туралы, сондай-ақ, шекаралық алаптағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігі мен туындағаны жайлы ақпараттар беру.
Шекара алабында жүргізілетін апатты-құтқару жұмыстарына, белгіленген тәртіппен шекара отрядтарын қатыстыру.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттары мен қостанай облысының Ресей Федерациясының көрші облыстарымен жасалған келісімдеріне сәйкес, апатты-құтқару құралдарымен, гуманитарлық көмек жүктерін, босқындарды өткізудің жеңілдетілген тәртібін қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар жағдайында мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізу, оның ішінде, тәртіптегі объектілер мен ерекше тәртіптегі объектілерде, босқындарды қабылдағанда, сондай-ақ, Ресей Федерациясының облыстарындағы трансшекаралық төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсеткен кездерде, керек болғанда төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жұмыстарын жүргізу үшін, арнайы күштер мен құрал-жабдықтарды қатыстыру.
Бiлiм департаменті
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі аумақтық кіші жүйесіне кадрлар дайындауды ұйымдастыру. мемлекеттiк жүйесi үшiн кадрлар даярлауды ұйымдастыру.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен олардан сақтандыру жөніндегі әрекеттер және өмірдің қауіпсіздігі негіздеріне оқушыларды үйрету.
Өзіне қарасты мекемелерде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен олардан сақтандыру туралы шаралар жүргізу.
Ақ пен ТЖ құрылымдарын құру және керекті деңгейде дайын болуын қамтамасыз ету.
Орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы (келісім бойынша)
Орман қоры аумағындағы өрт, аурулар мен зиянкестерді жою және олардан сақтандыру шараларын жүргізу. Орман патологиялық қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру, ормандардағы өртті және энтофитопатологиялық жағдайларды бағалау туралы ақпараттарды беру.
Халық арасында орман өрттерін болдырмау жайлы түсіндіру - профилактикалық жұмыстарын жүргізу.
Орман және жануарлар әлемін өрттен қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуын қамтамасыз ету, орман өрттері болған жағдайда өрт-химия стансаларының жеке құрамын оқыту.
Айналаны қоршаған ортаны қорғау басқармасы, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, республикалық "Қостанайсушар" МКК (келісім бойынша), Тобыл-Торғай алаптық су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша), облыстық гидрометеоорталығы (келісім бойынша)
Облыстың экологиялық жағдайына бақылау жасау, оны жақсарту жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру, үлгілерді экологиялық сараптау және кәсіпорындарды экологиялық бақылау жолымен техногенді апаттар мен күйреулердің алдын алу, экологиялық күйреулердің туындау мүмкіндігі туралы хабар беру.
Экологиялық төтенше жағдайларды жою жұмыстарына әдістемелік басшылық жасау. Апаттардан туған радиоактивтік және химиялық ластануды өлшеуді жедел өткізу.
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру жөніндегі аумақтық кіші жүйесінің тиісті бақылау және қадағалау желісін құру және оған басшылық жасау.
Қауіпті гидрометеорологиялық көріністерді болжау және қауіп туындағаны жайлы уақытында төтенше жағдайлар басқармаға хабарлау.
Тиісті қызмет жүйелерін құру және оларға басшылық жасау. қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарды ұзақ және қысқа мерзімде болжаудың тиімді әдістерін әзірлеу жөнінде зерттеулер жүргізу.
Кеден басқармасы (келісім бойынша)
Төтенше жағдайларға арналған гуманитарлық көмек жүктерін, апат-құтқару техникалары мен құрал-жабдықтарын өткізудің жеңілдетілген және тездетілген жосығын қамтамасыз ету.
"Қазақтелеком" телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабарларды халыққа және басқару органдарына уақытында жеткізуді техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру шараларын жүзеге асыру үшін аумақтық кіші жүйеге бірінші кезекте сенімді байланыс арналарын беру. ТЖ кезінде байланыс арналарының қайталануын қамтамасыз ету.
Ақ пен ТЖ байланысы мен хабарлау қызметін құру және төтенше жағдайларға әрдайым дайын ұстау.
Облыстық телерадиокомпаниясы, "Алау" телерадиокомпаниясы, "Қостанай таңы", "Костанайские новости", "Қостанай" газеттерінің редакциялары (келісім бойынша)
Төтенше жағдайлар қауіпті туындағаны жайында халыққа жедел хабар жеткізуді қамтамасыз ету.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттердің ережелері мен тәртіптерін үйрету.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану туралы, тұрмыстағы және өндірістегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерді газеттерде жариялауды, насихаттауды және радио мен теледидардан хабарлар беруді ұйымдастыру.
Аумақтық кіші жүйе басшыларының тілсіз қияпаттардан, техногенді күйреулер мен апаттардан келген төтенше жағдайларды жою және олардан сақтандыру бойынша жүргізген жұмыстары туралы халықты кең түрде хабарландыру.
АҚ пен ТЖ ақпарат қызметін төтенше жағдайларға әрдайым дайын ұстауды қамтамасыз ету.
Қостанай тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша), Қостанай "Аэропорт" ААҚ, "Эйр Қазақстан агенттігі" (келісім бойынша), меншік түріне қарамастан автокөлік ұйымдарының басшылары, "Мемлекеттік автомобильдік жолдарының басқармасы" ММ, "Қостанай жолдары" АҚ, "Қазақавтожол" РМК-ның Қостанай филиалы, "Қостанай облавтожол" МКК
Теміржол, автомобиль және әуе көлігінде апаттар мен күйреулерден сақтандыру және оларды жою.
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүргізуге керекті құрал-жабдықтар мен материалдық-техникалық ресурстарды, күштерді тасымалдауды және адамдарды апат аймағынан көшіруді қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар аудандарында, құтқару, апатты-қалпына келтіру және басқа да кідіртілмейтін жұмыстарды жүргізу үшін, өз әдістемелік-техникалық мүмкіндіктері деңгейінде ведомстволық құрылымдар күштерінің қатысуы.
Берік, сенімді, қауіпсіз жолдар, өткелдер мен көпірлер құрылысын қамтамасыз ету.
АҚ пен ТЖ көлік қызметі мен жолдар, көпірлер қызметін төтенше жағдайларға әрдайым дайын ұстауды қамтамасыз ету.
"Қостанайэнерго" ААҚ, "Сарыбай ЭАЖ" филиалы, "KEGOK" ААҚ, "ОЭЖ" АҚ (келісім бойынша)
Қарамағындағы объектілердегі апаттар салдарын жою және болдырмау шараларын жүргізу.
Ведомстволық апатты-құтқару құрылымдары күштерімен құтқару, апатты қалпына келтіру және басқа да кідіртілмейтін жұмыстарға қатысу.
АҚ пен ТЖ энергетика қызметін төтенше жағдайларға әрдайым дайын ұстау, қуат желілерінің сенімді, апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар туындаған не туындауы мүмкін болған кезде оны хабарлау мен байланыстың жалпы жүйесіне қатысу.
Қазақстан Республикасының ішкі істер 6697 әскери бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің 45013 әскери бөлімі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің облыстық әскери комиссариаты (келісім бойынша)
Өзара бірлесе іс-қимыл жасау жоспарларына сәйкес әскери бөлімдердің жеке құрамаларының төтенше жағдайлардан сақтандыру және жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы.
Бірыңғай әуе іздестіру-құтқару қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар болған аудандарды оқшаулау, төтенше жағдайлар аймағындағы материалдық және мәдени құндылықтарды сақтау.
Төтенше жағдайлар қауіпті болғанда және туындаған кезде хабарлау мен.