Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской, Мангистауской, Атырауской и Кызылординской областей

Бұйрық · № 482 · қабылданған 23.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121301/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской, Мангистауской, Атырауской и Кызылординской областей Қолданыста Бұйрық ·№ 482 ·23.04.2018
23.04.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской, Мангистауской, Атырауской и Кызылординской областей

Қолданыста Бұйрық ·№ 482 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Западно-Казахстанской, Мангистауской, Атырауской и Кызылординской областей
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
482
Қабылданған күні
23.04.2018
Көрсетілген редакция
23.04.2018 121301_318053.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016830
ЭКБ идентификаторы
121301
Редакция идентификаторы
121301_318053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:44

0 Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2018 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Батыс Қазақстан облысы – 8 502 093 000 (сегіз миллиард бес жүз екі миллион тоқсан үш мың) теңгеден артық емес;
Маңғыстау облысы – 3 175 608 000 (үш миллиард жүз жетпіс бес миллион алты жүз сегіз мың) теңгеден артық емес;
Атырау облысы – 11 916 174 000 (он бір миллиард тоғыз жүз он алты миллион жүз жетпіс төрт мың) теңгеден артық емес;
Қызылорда облысы – 2 115 848 000 (екі миллиард жүз он бес миллион сегіз жүз қырық сегіз мың) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы