Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно

Қаулы · № 90 · қабылданған 03.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121315/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно Қолданыста Қаулы ·№ 90 ·03.04.2018
03.04.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно

Қолданыста Қаулы ·№ 90 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно
Атауы (қаз.)
Дене шынықтыру сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
03.04.2018
Көрсетілген редакция
03.04.2018 121315_318020.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NQ007724
ЭКБ идентификаторы
121315
Редакция идентификаторы
121315_318020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:59

0 Дене шынықтыру сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайданалатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының  қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі

Әкімдіктің
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 90 қаулысымен бекітілген
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі

Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Тегін
6
Студенттер
Тегін
7
Зейнеткерлер
Тегін
Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Қолданыстағы