Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по району Алтай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по району Алтай
- Атауы (қаз.)
- Зырян ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/9-VI
- Қабылданған күні
- 30.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2022 121318_603202.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VL000154
- ЭКБ идентификаторы
- 121318
- Редакция идентификаторы
- 121318_603202
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:02
0 Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505 - бабы, 509 – бабының 3 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабы 1 – тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2 2. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.
3
3. «Зырян ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтардың базалық ставкаларын ұлғайту туралы» Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 36/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3635 тіркелген, «Көктас таңы» газетінде 2015 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Зырян ауданының мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 27/9-VI шешіміне
1- қосымша
Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р / с
Автотұрақтар (паркингтер)
Санаттар
1
Жер үсті шатырмен жабылған автотұрақтар (паркингтер), шатырмен жабылмаған автотұрақтар (паркингтер)
1- санат
2
Басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғастыра салынған автотұрақтар ( паркингтер), басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар
2- санат
3
Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цокольды немесе төменгі жерүсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтер)
3- санат
6 Алтай ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Зырян ауданының мәслихатының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 27/9-VI шешіміне
2- қосымша
Алтай ауданы аумағында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№ р / с
Автотұрақтардың (паркингтердің)
санаттары
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы
Аудандық маңызы бар қалалар (Алтай қаласы, Серебрянск қаласы)
Кенттер
Ауылдар
1
1- санат
7,24
0,96
0,48
10 есе
2
2- санат
7,24
0,96
0,48
9 есе
3
3- санат
7,24
0,96
0,48
8 есе