О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Абайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Абайскому району
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/325
- Қабылданған күні
- 19.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2022 121353_564784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KI004731
- ЭКБ идентификаторы
- 121353
- Редакция идентификаторы
- 121353_564784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:46
0 Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес Абай ауданы
бойынша пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай
жер салығының мөлшерлемелерін
арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
3. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі 2 сессияның № 2/25 «Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016
жылғы 30 сәуірдегі № 17 (4120) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер Басқармасы
басшысының м.а.
Т. Дүйсенбаев
2018 жылғы 19 сәуір
КЕЛІСІЛДІ:
«Абай ауданының жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р. Сатыбаева
2018 жылғы 19 сәуір