Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О ставках земельного налога

Өзге акт · № 18-3 · қабылданған 18.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121357/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О ставках земельного налога Күшін жойған 08.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О ставках земельного налога

Күшін жойған Өзге акт № 18-3 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ставках земельного налога
Атауы (қаз.)
Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-3
Қабылданған күні
18.04.2018
Көрсетілген редакция
08.05.2026 121357_833352.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SI004700
ЭКБ идентификаторы
121357
Редакция идентификаторы
121357_833352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер салығының мөлшерлемелері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 08.05.2026 № 39-3 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мəслихатының 19.03.2020 № 37-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2022 № 13-4 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдермен.

1. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 30.03.2022 № 13-4 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Кодекстің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінің елу пайызына жер салығының мөлшерлемелері жоғарылатылсын.

Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 15.04.2021 № 4-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2018 жылғы
18 сәуірдегі № 18-3 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1. «Жер салығының ставкалары туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 14 қаңтарда № 13-9-111 болып тіркелді, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерінде жарияланды).

2. «Жер салығының ставкалары туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 36-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3190 болып тіркелді, 2015 жылғы 10 сәуірде «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерінде жарияланды).

3. «Жер салығының ставкалары туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 маусымда № 3283 болып тіркелді, 2015 жылғы 26 маусымда «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерінде жарияланды).

4. «Жер салығының ставкалары туралы» 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 20-7 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 16 наурыздағы № 48-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 сәуірде № 3722 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 сәуірде «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерінде жарияланды).