Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 83 · қабылданған 05.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121367/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған Қаулы ·№ 83 ·05.04.2018
05.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы ·№ 83 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
05.04.2018
Көрсетілген редакция
05.05.2020 121367_460053.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VO000112
ЭКБ идентификаторы
121367
Редакция идентификаторы
121367_460053
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:58

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 382 «Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5321 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «05» 04
№ 83 қаулысына № 1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны
1
Балабақшалар
833
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
426

11 Ата-ана төлемақысының мөлшері

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «05» 04
№ 83 қаулысына № 2 қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Балабақшалар
327,7
418,1
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
318,9
350
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

12 Көкпекті ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «05» 04
№ 83 қаулысына қосымша № 3
Көкпекті ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Тәрбиеленушілер саны, адамдар
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге
Бір айда ата-аналар ақы төлемінің мөлшері, теңге
Балабақшалар
Мектеп балабақша кешендері
Шағын орталықтар
Балабақшалар
Мектеп балабақша кешендері
Шағын орталықтар
720
113
426
25812,5
18049
14238
8000

Қолданыстағы