О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Аягозскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Аягозскому району
- Атауы (қаз.)
- Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/153-VI
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2022 121369_579409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VF000166
- ЭКБ идентификаторы
- 121369
- Редакция идентификаторы
- 121369_579409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:10
0 Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 509-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Аягоз ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.
2. «Аягөз ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 6/51-VI шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4718 нөмерімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 28 қарашасында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 12 желтоқсанында, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2016 жылдың 19 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.