Құжат мәтініне өту

О создании некоммерческого акционерного общества «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов»

Қаулы · № 224 · қабылданған 27.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121415/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О создании некоммерческого акционерного общества «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» Қолданыста Қаулы ·№ 224 ·27.04.2018
27.04.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании некоммерческого акционерного общества «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов»

Қолданыста Қаулы ·№ 224 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании некоммерческого акционерного общества «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов»
Атауы (қаз.)
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
27.04.2018
Көрсетілген редакция
27.04.2018 121415_318918.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000224
ЭКБ идентификаторы
121415
Редакция идентификаторы
121415_318918
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:40

0 «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

2

2. Технологияларды және үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту, сондай-ақ 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму конференциясына қатысушы мемлекеттер қабылдаған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға жылдам көшуіне ықпал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекітуді, оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Қоғамның жарғылық капиталы төлеміне берілетін республикалық мүлік тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 224 қаулысына
қосымша
Қоғамның жарғылық капиталы төлеміне берілетін
республикалық мүлік тізбесі
Р/с

Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
1
2
3
4
1
BIOO TECH стен­ді
жиын­тық
1
2
Pyro Gasification To Power CMD стен­ді
жиын­тық
1
3
Дер­бес ком­пью­тер
жиын­тық
70
4
Ин­тер­нет қол­дай­тын SIP те­ле­фо­ны
да­на
95
5
Те­ле­ди­дар 65''
да­на
4
6
Те­ле­ди­дар 49''
да­на
3
7
КФҚ SL-C480W
да­на
1
8
CLT-K404-S/503 кар­три­джі
да­на
1
9
CLT-C404-S/ кар­три­джі
да­на
1
10
CLT-M404-S/ кар­три­джі
да­на
1
11
CLT-Y404-S/ кар­три­джі
да­на
1
12
Бей­не­про­ек­тор + экран
жиын­тық
4
13
Ки­ім іл­гіш (450*450*1950)
да­на
2
14
Ки­ім іл­гіш (450*450*1950)
да­на
3
15
Ки­ім іл­гіш (450*450*1950)
да­на
1
16
Құ­жат­тар­ға ар­нал­ған те­мір шкаф
да­на
10
17
232 сей­фі
да­на
1
18
1-114 сей­фі
да­на
1
19
1080 сей­фі
да­на
3
20
Су диспен­се­рі
да­на
5
21
Ла­зер­лік фак­си­миль­ді ап­па­рат
да­на
3
22
1-5519 мо­дуль­дік үсте­лі
да­на
28
23
Тум­ба
да­на
28
24
1-2691 орынды­ғы
да­на
35

11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 224 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-186-тармақпен толықтырылсын:
«21-186. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 20-13-жолмен толықтырылсын:
«20-13. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«10. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

Қолданыстағы