О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки об обеспечении коммерческого железнодорожного транзита специального груза через территорию Республики Казахстан в связи с участием Соединенных Штатов Америки в усилиях по стабилизации и восстановлению Исламской Республики Афганистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Соединенных Штатов Америки об обеспечении коммерческого железнодорожного транзита специального груза через территорию Республики Казахстан в связи с участием Соединенных Штатов Америки в усилиях по стабилизации и восстановлению Исламской Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 152-VI
- Қабылданған күні
- 04.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2018 121425_331638.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1800000152
- ЭКБ идентификаторы
- 121425
- Редакция идентификаторы
- 121425_331638
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:36
0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс
енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2017 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды.
ҚР халықаралық хаттаманың
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге,
есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі
2010 жылғы 20 маусымда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес
Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:
1 1-бап
Келісімнің 3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай өткізу пункттері арқылы өтуге тиіс:
а а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;
б б) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/немесе Бейнеу/Қарақалпақстан;
в в) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Ақтау порты;
г г) Қазақстан Республикасынан/Қазақстан Республикасына: Құрық порты.".
2 2-бап
Осы Хаттама қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2017 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.