Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 19.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2020 121463_497019.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SE004705
- ЭКБ идентификаторы
- 121463
- Редакция идентификаторы
- 121463_497019
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:46
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін үй-жайларды ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 36-1 – бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес үй-жай шарт негізінде ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________ Н. Барақаев
2018 жылғы «19» сәуір
5 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру орны
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2018 жылғы «19» сәуірдегі № 128
қаулысына 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру орны
р/с
№
Ауылдық округ атауы
Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы
1
Новоишим ауылдық округі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим ауылының Мәдениет үйі ғимаратына іргелес аумақта орналасқан ақпараттық стенд
6 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жай
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2018 жылғы «19» сәуірдегі № 128
қаулысына 2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесу өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жай
р/с
№
Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы
Таңдауышыларымен кездесу
үшін үй-жай
1.
Новоишим ауылдық округі,
Новоишим ауылы
Новоишим ауылы: Мәдениет үйі, Абылай-хан көшесі, 19