Кіру
Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 78 · қабылданған 16.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121473/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 78 ·16.04.2018
15.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 78 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
78
Қабылданған күні
16.04.2018
Көрсетілген редакция
15.12.2023 121473_702500.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VH000154
ЭКБ идентификаторы
121473
Редакция идентификаторы
121473_702500
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:50

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының  2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 37 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4460 тіркелген, «Аудан тынысы», «Пульс района» аудандық газеттерінде және 2016 жылғы 12 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. «Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Қ. Бичуиновқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «16» сәуір
№ 78 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.

2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, соның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, кітапханашы, медбике, диеталық бике.

3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, клуб меңгерушісі, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, аккомпониатор, тілдер мұғалімі.

4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.

5

Қолданыстағы