Құжат мәтініне өту

О создании товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»

Қаулы · № 255 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121484/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О создании товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр» Қолданыста Қаулы ·№ 255 ·11.05.2018
11.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»

Қолданыста Қаулы ·№ 255 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании товарищества с ограниченной ответственностью «Национальный научный онкологический центр»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
255
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
11.05.2018 121484_319488.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000255
ЭКБ идентификаторы
121484
Редакция идентификаторы
121484_319488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.

2 2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) серіктестік жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын беруді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге берілетін мүліктің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 255 қаулысына
қосымша
«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық
капиталын төлеуге берілетін мүліктің тізбесі
Р/с №
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
БҚ бар жұмыс станциялары (ОЖ+MS Offise)
дана
2
___________________________

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 255 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
21-186-жолмен толықтырылсын:
«21-186. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-21-жолмен толықтырылсын:
«227-21. «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
1. СҚ-Фармация
2. Ұлттық ғылыми онкология орталығы».
_________________________

Қолданыстағы