О внесении изменений в административно-территориальное устройство Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 06.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2018 121543_319972.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18V0005634
- ЭКБ идентификаторы
- 121543
- Редакция идентификаторы
- 121543_319972
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:56
0 Шығыс Қазақстан облысының
Катонқарағай ауданының әкімшілік-
аумақтық құрылысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасау туралы» бірлескен Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 10/89-VI шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 144 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Жамбыл ауылдық округінің Маралды ауылы;
Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка ауылы.
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Жамбыл ауылдық округінің Маралды қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына;
Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Ново-Поляковка ауылдық округінің Қаражал ауылының құрамына енгізілсін.