Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства

Қаулы · № 256 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121550/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства Қолданыста Қаулы ·№ 256 ·11.05.2018
16.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства

Қолданыста Қаулы ·№ 256 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства
Атауы (қаз.)
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
256
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
16.02.2024 121550_685979.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000256
ЭКБ идентификаторы
121550
Редакция идентификаторы
121550_685979
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекiтiлсiн.

2

2. «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.».
9, 10, 11 және 12-тармақтар алып тасталсын.

3 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысымен
бекiтiлген
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.

2-1 2-1. Мемлекеттік органдар қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің ішкі тәртібін өз қызметінің ерекешелігін ескере отырып осы Қағидаларда көзделген нормаларға сәйкес дербес әзірлеуі және бекітуі мүмкін.

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртiбi

3 3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

1 1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

2 2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:

мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

3

3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген тұлғаға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде:
теміржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша;
су жолдарымен, тас және қара жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлігімен жол жүрген кезде шығыстарды жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша өтеуге жол беріледі. Бұл ретте темiржол көлігі билетінің құны авиабилет құнынан асып кететін болса, іссапарға әуе көлiгiмен жіберуге жол беріледі;
мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, Конституциялық Соттың судьяларына, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысына, ал мұндай болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс авиабилетінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілеріне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде «Бизнес» класты авиабилет құны бойынша;

4

4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

5 5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;

6 6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

7 7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;

8

8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар 161 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар» ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4 4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:

1 1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.

Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы-келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда –мемлекеттiк мекеменің басшысы шешедi.

5

5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.
Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.
Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.

6

6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

3 3-тарау. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi

7 7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде мынадай шығыстар өтеледi:

1

1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-класты авиабилет құны мөлшерінде өтеледі;

2

2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, аппарат басшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар «Бизнес» класты авиабилет құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;

3 3) мына:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы болған кезде осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шет елге шыққан кезде авиатасымалдаушыға арнайы рейстердің шығыстары өтеледі;

4 4) басқа мемлекеттiк қызметшілер қызмет бабындағы iстер бойынша шетелге жол жүрген кезде көлiктiк шығыстар шетелдiк валютада «Экономикалық» сыныпты авиабилеттiң құны мөлшерiнде өтеледi;

5 5) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарын өтеудің нормалары (тәулігіне бір адамға):

осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, аппарат басшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесін, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелерін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғалар үшін люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы) мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері үшін жартылай люкс сыныптамасындағы қонақүйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;
осы тармақшаның екiншi, үшiншi, төртінші абзацтарында көрсетілмеген басқа мемлекеттiк қызметшілер үшiн стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдiң бiр орындық нөмiрiнiң құны бойынша;
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісімен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;
өткізу кезеңінде қонақүйде тұру құны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісу бойынша қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің бекітілген шекті нормаларынан асатын халықаралық іс-шараларға Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында қатысатын адамдар үшін – іс жүзіндегі шығындар бойынша;
әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдерге іссапарға жіберілген адамдар үшін – іс жүзіндегі шығыстар бойынша. Әскери-саяси қақтығыстар болып жатқан елдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды;

6

6) құзыретіне Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде, шетелдік соттарда және шетелдік мемлекеттік органдарда қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу кіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұзақтығы 41 күннен 180 күнге дейінгі үздіксіз ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына стандарт сыныптамасы бойынша қонақүйдің бір орындық нөмірінің құнына 0,5 коэффициентін есепке ала отырып, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары (тәулігіне бір адамға) қолданылады;

7 7) шетелде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік және қонақүй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстары мынадай нормалар бойынша АҚШ долларымен және евромен өтеледі:

Р/с №
Мемлекет
Тәуліктік
Қонақүй нөмірлерінің сыныптамасы
люкс
жартылай люкс
стандарт
АҚШ доллары
евро
АҚШ доллары
евро
АҚШ доллары
евро
АҚШ доллары
евро
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Аустрия Республикасы
80
435
320
230
2.
Аустралия
90
400
300
250
3.
Әзербайжан Республикасы
80
250
200
150
4.
Албания Республикасы
80
180
150
120
5.
Алжир Халық Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
6.
Антигуа және Барбуда
80
180
150
120
7.
Аргентина Республикасы
80
330
210
120
8.
Мысыр Араб Республикасы
90
200
175
120
9.
Багам Аралдары Достастығы
80
150
120
100
10.
Белиз
80
150
120
100
11.
Бермуд аралдары
80
150
120
100
12.
Босния және Герцеговина
80
195
160
125
13.
Бруней-Даруссалам Мемлекеті
90
180
140
120
14.
Вануату
80
150
120
100
15.
Шығыс Самоа
80
150
120
100
16.
Уругвай Шығыс Республикасы
80
150
120
100
17.
Люксембург Ұлы Герцогтігі
80
405
205
110
18.
Габон Республикасы
80
150
120
100
19.
Бахрейн Корольдігі
90
300
240
100
20.
Қатар Мемлекеті
90
400
270
130
21.
Израиль Мемлекеті
90
330
250
160
22.
Кувейт Мемлекеті
90
330
240
150
23.
Грек Республикасы
80
285
230
185
24.
Доминикан Республикасы
80
150
120
100
25.
Мадагаскар Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
26.
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
27.
Судан Республикасы
80
150
120
100
28.
Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
80
150
120
100
29.
Шығанақтағы аумақтар
80
150
120
100
30.
Иордан Хашимит Корольдігі
80
180
140
120
31.
Ирак Республикасы
80
180
140
110
32.
Иран Ислам Республикасы
80
250
180
130
33.
Ирландия
80
405
250
165
34.
Италия Республикасы
80
375
290
205
35.
Йемен Республикасы
80
150
120
100
36.
Ауғанстан Ислам Республикасы
80
150
120
100
37.
Мауритания Ислам Республикасы
80
150
120
100
38.
Пәкістан Ислам Республикасы
80
290
180
155
39.
Дания Корольдігі
80
400
225
150
40.
Андорра Княздігі
80
150
120
100
41.
Бельгия Корольдігі
80
310
250
165
42.
Гайана Кооперативтік Республикасы
80
150
120
100
43.
Испания Корольдігі
80
330
250
205
44.
Кайман аралдары
80
150
120
100
45.
Камбоджа Корольдігі
80
150
120
100
46.
Кампучия
80
210
190
180
47.
Канада
100
300
285
150
48.
Корей Халық Демократиялық Республикасы
80
450
250
150
49.
Қытай Халық Республикасы
100
220
180
150
Гонконг қаласы
100
220
180
150
50.
Қырғыз Республикасы
80
275
130
100
51.
Лесото Корольдігі
80
150
120
100
52.
Лихтенштейн Князьдігі
80
405
205
110
53.
Марокко Корольдігі
80
230
200
180
54.
Непал Корольдігі
80
150
120
100
55.
Нидерланд Корольдігі
80
305
250
165
56.
Норвегия Корольдігі
80
390
330
250
57.
Сауд Арабиясы Корольдігі
90
400
180
130
58.
Свазиленд Корольдігі
80
150
120
100
59.
Таиланд Корольдігі
90
300
240
130
60.
Тонго Корольдігі
80
150
120
100
61.
Швеция Корольдігі
80
530
355
200
62.
Лаос Халық- Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
63.
Латвия Республикасы
80
175
130
85
64.
Ливан Республикасы
80
260
150
100
65.
Ливия
80
165
120
100
66.
Литва Республикасы
80
165
125
100
67.
Макао
80
150
120
100
68.
Малави
80
150
120
120
69.
Мальдив Республикасы
80
150
120
100
70.
Мексикалық Біріккен Штаттары
80
230
180
125
71.
Монако Княздігі
80
525
305
175
72.
Моңғолия Республикасы
80
150
120
100
73.
Мьянма Одағы Республикасы
80
150
120
100
74.
Конго Халық Республикасы
80
150
120
100
75.
Жаңа Зеландия
80
300
240
150
76.
Бангладеш Халық Республикасы
80
200
150
100
77.
Палау Республикасы
80
150
120
100
78.
Біріккен Араб Әмірліктері
90
460
220
160
79.
Танзания Біріккен Республикасы
80
150
120
100
80.
Папуа Жаңа Гвинея
80
160
130
100
81.
Португалия Республикасы
80
265
210
150
82.
Пуэрто-Рико
80
150
120
100
83.
Ангола Республикасы
80
180
150
120
84.
Армения Республикасы
80
200
170
130
85.
Барбадос Республикасы
80
150
120
100
86.
Беларусь Республикасы
80
315
120
100
87.
Бенин Республикасы
80
150
120
100
88.
Болгария Республикасы
80
380
200
130
89.
Көпұлтты Боливия Республикасы
80
150
120
100
90.
Ботсвана Республикасы
80
150
120
100
91.
Мажарстан
80
285
215
125
92.
Венесуэла Боливаршыл Республикасы
80
260
210
110
93.
Вьетнам Социалистік Республикасы
80
200
150
100
94.
Гаити Республикасы
80
150
120
100
95.
Гамбия Республикасы
80
150
120
100
96.
Гана Республикасы
80
150
120
100
97.
Гватемала Республикасы
80
150
120
100
98.
Гвинея Республикасы
80
150
120
100
99.
Гвинея-Бисау Республикасы
80
150
120
100
100.
Буркино Фасо Республикасы
80
150
120
100
101.
Бурунди Республикасы
80
150
120
100
102.
Гибралтар Республикасы
80
150
120
100
103.
Гондурас Республикасы
80
150
120
100
104.
Гренада
80
150
120
100
105.
Грузия
80
180
150
100
106.
Джибути Республикасы
80
150
120
100
107.
Заир Республикасы
80
150
120
100
108.
Замбия Республикасы
80
185
150
120
109.
Зимбабве Республикасы
80
165
130
100
110.
Үндістан Республикасы
80
300
250
150
111.
Индонезия Республикасы
80
260
230
217
112.
Исландия Республикасы
80
315
210
115
113.
Кабо-Верди Республикасы
80
150
120
100
114.
Камерун Республикасы
80
150
120
100
115.
Кения Республикасы
80
185
150
120
116.
Кипр Республикасы
80
265
210
150
117.
Колумбия Республикасы
80
220
200
160
118.
Коста-Рика Республикасы
80
150
120
100
119.
Код-д'Ивуар Республикасы
80
150
120
100
120.
Куба Республикасы
80
340
270
150
121.
Корея Республикасы, Сеул қаласы
90
530
250
210
122.
Либерия Республикасы
80
150
120
100
123.
Маврикий Республикасы
80
150
120
100
124.
Мали Республикасы
80
150
120
100
125.
Македония Республикасы
80
190
165
115
126.
Мальта Республикасы
80
230
180
120
127.
Мозамбик Республикасы
80
180
130
100
128.
Молдова Республикасы
80
190
150
100
129.
Намибия Республикасы
80
150
120
100
130.
Нигер Республикасы
80
175
140
120
131.
Никарагуа Республикасы
80
150
120
100
132.
Панама Республикасы
80
150
120
100
133.
Парагвай Республикасы
80
145
120
100
134.
Перу Республикасы
80
245
200
140
135.
Польша Республикасы
80
330
180
125
136.
Эль-Сальвадор Республикасы
80
150
120
100
137.
Сенегал Республикасы
80
150
120
100
138.
Сингапур Республикасы
90
500
300
200
139.
Словения Республикасы
80
195
165
125
140.
Суринам Республикасы
80
150
120
100
141.
Сьерра Лион Республикасы
80
240
160
100
142.
Тәжікстан Республикасы
80
170
130
100
143.
Тринидад және Тобаго Республикасы
80
150
120
100
144.
Уганда Республикасы
80
180
140
100
145.
Өзбекстан Республикасы
80
315
180
100
146.
Украина
80
315
180
120
147.
Филиппин Республикасы
90
280
220
150
148.
Хорватия Республикасы
80
260
195
125
149.
Чад Республикасы
80
150
120
100
150.
Чили Республикасы
80
240
180
110
151.
Эквадор Республикасы
80
150
120
110
152.
Ресей Федерациясы
80
450
280
220
153.
Руанда Республикасы
80
150
120
100
154.
Румыния
80
280
185
130
155.
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі
80
580
390
215
80
550
375
205
156.
Самоа
80
150
120
100
157.
Сан-Марино Республикасы
100
320
250
180
158.
Сейшель аралдары
80
150
120
100
159.
Сент-Люсия
80
150
120
100
160.
Сирия Араб Республикасы
80
260
180
110
161.
Словак Республикасы
80
190
165
125
162.
Соломон аралдары
80
120
110
100
163.
Сомали Республикасы
80
150
120
100
164.
Америка Құрама Штаттары
100
525
400
260
Нью-Йорк қаласы
100
1200
1000
575
165.
Оман Сұлтандығы
90
300
240
120
166.
Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы
80
150
120
100
167.
Сербия және Черногория
80
205
165
125
168.
Тайвань
80
150
120
100
169.
Тоголез Республикасы
80
150
120
100
170.
Тунис Республикасы
80
150
120
100
171.
Түрікменстан
80
240
180
120
172.
Түркия Республикасы
100
350
230
180
173.
Бразилия Федеративтік Республикасы
80
330
210
150
174.
Германия Федеративтік Республикасы
80
400
210
165
175.
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы
80
150
120
100
176.
Финляндия Республикасы
80
400
300
200
177.
Француз Республикасы
80
415
290
230
178.
Малайзия
90
300
270
170
179.
Нигерия Федеративтік Республикасы
80
150
120
100
180.
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
80
240
180
120
181.
Чех Республикасы
80
255
210
125
182.
Швейцария Конфедерациясы
80
415
290
230
183.
Экваторлық Гвинея
80
150
120
100
184.
Эстония Республикасы
80
330
175
125
185.
Оңтүстік Африка Республикасы
80
190
160
100
186.
Ямайка
80
180
150
120
187.
Жапония
100
360
325
220
;

7-1 7-1) валютаны есептеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгеге аударылған күнге белгілеген бағам қолданылады;

8 8) осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген тәуліктік шығыстарды өтеудің нормалары осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдардың ұзақ мерзімді қызметтік шетелдік іссапарларына да қатысты қолданылады;

9 9) іссапарға жіберілген адам шетелге баратын кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.

Егер жол жүру құжатына сәйкес Қазақстан Республикасынан ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 21:00 сағатынан кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.
Егер жол жүру құжаттарына сәйкес шет мемлекеттен ұшып шығу (кету) ағымдағы тәуліктің 00:00-ден – 03:00-ге дейінгі сағаттары аралығында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасына келердің алдындағы шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні іссапар мерзіміне қосылмайды;

10 10) егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлеген жағдайда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлінбейді.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 256 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат).

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1273 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 44-құжат).

3

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).

4

4. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 682-құжат).

5

5. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 975 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 62, 490-құжат).
______________________

Қолданыстағы