Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра заключенных контрактов на недропользование

Бұйрық · № 122 · қабылданған 12.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121561/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра заключенных контрактов на недропользование Қолданыста Бұйрық ·№ 122 ·12.04.2018
12.04.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра заключенных контрактов на недропользование

Қолданыста Бұйрық ·№ 122 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра заключенных контрактов на недропользование
Атауы (қаз.)
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
122
Қабылданған күні
12.04.2018
Көрсетілген редакция
12.04.2018 121561_319907.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016849
ЭКБ идентификаторы
121561
Редакция идентификаторы
121561_319907
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:51

0 Жер қойнауын пайдалануға

жасалған келісімшарттардың
тізілімін жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 122 бұйрығымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалануға жасалған
келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 35-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уран өндіру үшін жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Тізілім).

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Тізілімді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіште құзыретті орган жүргізеді.

4 4. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт (оларға толықтыру) құзыретті орган оған қол қойған күні Тізілімге енгізілуге тиіс.

5 5. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтаған кезде тиісті мәліметтер Тізілімге енгізіледі.

1 Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімі

Жер қойнауын пайдалануға
жасалған келісімшарттардың тізілімін жүргізу
қағидаларына қосымша
Нысан
Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттар тізілімі

Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттың және оған то­лық­ты­ру­дың ата­уы
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттың және оған то­лық­ты­ру­дың №, ке­лі­сі­л­ген кү­ні
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­тқа то­лық­ты­ру­ды қа­рау мәні (бар­лау неме­се өн­ді­ру ке­зе­ңін (ке­зең­де­рін) ұзар­ту; жер қой­на­уы учас­ке­сін (учас­ке­ле­рін) ұл­ғай­ту неме­се азай­ту; жер қой­на­уы учас­ке­сін (учас­ке­ле­рін) бө­лу
ТАӘ
(егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жатт­та бар бол­са)/
жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның де­ректе­ме­ле­рі (же­ке тұ­лға­лар үшін – тұ­ра­тын же­рі, аза­мат­тығы, өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; заң­ды тұ­лға­лар үшін – тұ­ра­тын же­рі, мем­ле­кет­тік ти­е­сі­лі­гін көр­се­ту, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға жа­сал­ған ке­лі­сім­шарт және олар­ға то­лық­ты­ру­лар жа­сал­ған хат­та­ма №, кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
Кестенің жалғасы:
Пайдалы қазбаның түрі
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрі
Жер қойнауы учаскесінің
шегі
Әкімшілік-аумақтық бірлік
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың қолданылуы тоқталғаны туралы мәліметтер
8
9
10
11
12

Қолданыстағы