О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/169
- Қабылданған күні
- 27.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2018 121593_320321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18R0001477
- ЭКБ идентификаторы
- 121593
- Редакция идентификаторы
- 121593_320321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:40
0 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 13 шілдедегі № 3/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1191 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2
2) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 13 шілдедегі № 3/435 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 30 мамырдағы № 2/180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1383 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 шілдеде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
2
2. Алматы қаласы Қаржы басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.