О снятии ограничительных мероприятий на территории села Каинды Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Каинды Каиндинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылы аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 28.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2018 121611_320409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NCB07742
- ЭКБ идентификаторы
- 121611
- Редакция идентификаторы
- 121611_320409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:39
0 Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылы аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 01-20/246 ұсынысы негізінде, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылы аумағында ірі қара малдардың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 15 тамыздағы № 2 «Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округінің Қайынды ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7187 тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп саналсын.
3 3. «Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне еңгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылық министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е. Канапин
28 сәуір 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтау министрлігінің
қоғамдық денсаулық сақтау
Комитеті Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
Департаментінің Арқалық
қалалық Қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Б. Қорғанбекова
28 сәуір 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Арқалық қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_____________ Қ. Бейсенов
28 сәуір 2018 жыл