Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных товаров, работ и услуг

Бұйрық · № 124 · қабылданған 13.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121614/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных товаров, работ и услуг Қолданыста Бұйрық ·№ 124 ·13.04.2018
29.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных товаров, работ и услуг

Қолданыста Бұйрық ·№ 124 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных товаров, работ и услуг
Атауы (қаз.)
Басым жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124
Қабылданған күні
13.04.2018
Көрсетілген редакция
29.03.2024 121614_693216.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016851
ЭКБ идентификаторы
121614
Редакция идентификаторы
121614_693216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:50

0 Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

1 Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 13 сәуірдегі
№ 124
бұйрығымен бекітілген
Басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі

1 1. Тауарлар:

1 1) мұнай немесе газ құбырлары;

2 2) бұрғылау құбырлары;

3 3) ұңғымаларды бұрғылау кезінде пайдаланылатын өзге де шеген, сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырлары;

4 4) бұрғылау қондырғылары, бұрғылау станоктары үшін жабдық, қосалқы бөлшектер және олардың шығыс материалдары;

5 5) бұрғылау қондырғыларын, мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарды пайдалануға арналған электротехникалық жабдықтар;

6 6) химиялық реагенттер, соның ішінде бұрғылау ерітінділері;

7 7) ұңғымалау жабдықтары, фонтанға қарсы жабдықтар, пакерлер, тежегіштер, нығыздауыш;

8 8) мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтар, соның ішінде айырғыш, сорғылар, теңселме. Мұнай кәсіпшілігіндегі жабдықтарға қосалқы бөлшектер және оған шығыс материалдар;

9 9) қорғау костюмдері, жұмыскерлерге арналған арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары.

2 2. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

1 1) құрылыс-монтаждау жұмыстары;

2 2) ұңғымаларды күрделі жөндеу;

3 3) сараптама және зертханалық зерттеулер;

4

4) бұрғылау жұмыстары (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

5

5) геологиялық, геофизикалық және сейсмологиялық барлау бойынша көрсетілетін қызметтер (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

6

6) жобалау және инжиниринг (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

7

7) мұнай қайтарымдылығын арттыру (анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын, табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан да көп жоғары қаттық қысымы бар қайраң кен орындарын, күрделі кен орындарын қоспағанда);

8 8) мұнай-газ жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ілеспелі кепілді қызмет көрсету және жөндеуі бар шетелдік компаниялар жеткізетін жоғары технологиялық жабдықтарды қоспағанда).

Қолданыстағы