Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ
- Атауы (қаз.)
- Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 28.04.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2018 121726_326313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GJ003832
- ЭКБ идентификаторы
- 121726
- Редакция идентификаторы
- 121726_326313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:39
0 Егіс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдерін
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дадабаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Талас ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 28 сәуірдегі
№ 104 қаулысына қосымша
Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
қ/с
Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрі
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
1
Күздік бидай
20.09.2018ж
10.10.2018ж
2
Көкөністер
15.05.2018ж
15.06.2018ж
Ескертпе: Үстіміздегі жылы өсімдік дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және көктемгі ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.