Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов, критериев и требований субсидий по направлениям субсидирования

Қаулы · № 132 · қабылданған 14.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121736/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении нормативов, критериев и требований субсидий по направлениям субсидирования Күшін жойған Қаулы ·№ 132 ·14.05.2018
22.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов, критериев и требований субсидий по направлениям субсидирования

Күшін жойған Қаулы ·№ 132 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов, критериев и требований субсидий по направлениям субсидирования
Атауы (қаз.)
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
132
Қабылданған күні
14.05.2018
Көрсетілген редакция
22.04.2019 121736_400037.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18U0004603
ЭКБ идентификаторы
121736
Редакция идентификаторы
121736_400037
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:32

0 Субсидиялау бағыттары бойынша

субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14813 болып тіркелген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

2 2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің:

1

1) 2017 жылғы 14 сәуірдегі №89 «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін, өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4055 болып тіркелген 2017 жылғы 24 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған);

2

2) 2017 жылғы 7 желтоқсандағы №348 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №89 «Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4295 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ш.Өсербаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ә.Ш.Өсербаев
А.Е.Тұрғымбеков
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.К.Сәрсембаев
Е.Қ.Тасжүреков
А.С.Сәбитов
А.Б.Тасыбаев

14 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№132 қаулысына
1- қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге
Мал шаруашылығы
1
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
3844
Қой шаруашылығы
2
Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
1392
Балара шаруашылығы
3
Балара ұясымен селекциялық және асыл
тұқымдық жұмыс жүргізу
балара ұясы
9918
Жылқы шаруашылығы
4
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
110
5
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
120
Түйе шаруашылығы
6
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
92
7
Түйе етін өндіру құнын арзандату
килограмм
109

15 Оңтүстік Қазақстан

облысы әкімдігінің
2018 жылғы 14 мамырдағы
№132 қаулысына
2- қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар өлшемшарттары мен талаптары

Субсидиялау бағыттары
Өлшемдер мен талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің
болуы.
2. Дистрибьютерлік орталықтың
лабораториясының болуы, ұрық сақтайтың
дьюар ыдысының болуы.
3. Асыл тұқымды бұқаның ұрығын
тарататын арнайы тасмалдау көлігінің болуы.
4. Қажетті көлемде азот шығаратын
зауыттармен келісім-шарттың болуы.
5. Асыл тұқымды куәліктің болуы.
2.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда, ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Дистрибьютерлік орталық мәртебесінің
болуы.
2. Лабораториясының болуы.
3. Асыл тұқымды қошқарларды
тасмалдайтын арнайы тасмалдау көлігінің
болуы.
4. Асыл тұқымды куәліктің болуы.

Қолданыстағы