Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 18 · қабылданған 11.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121784/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 18 ·11.01.2018
03.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 18 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
11.01.2018
Көрсетілген редакция
03.08.2021 121784_534257.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016891
ЭКБ идентификаторы
121784
Редакция идентификаторы
121784_534257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:07

0 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды басталатын уақытына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орны бойынша не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі Мемлекеттік корпорациядан немесе портал арқылы жазбаша өтінімді алғаннан кейін импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) өтінішті тіркейді.»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат берілмеген немесе рұқсат беруден уәжді бас тартылмаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.
18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа арналған рұқсат нөмірін ол келіп түскен күні журналға тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа түсіреді, сондай-ақ келіп түскен экспортқа, импортқа арналған рұқсатты немесе уәжді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жібереді.
Экспортқа, импортқа электрондық түрде берілген рұқсат «Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі» веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн

ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі
көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық
құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1),2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________________Д. Абаев
2018 жылғы 22 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 28 сәуір

0 Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына қосымша
Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері,
ведомство берген өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмiрi және күнi,
сәйкестендіру нөмiрi / жеке
тұлғалар үшін: жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы
(егер бұлар бар болса))
Сізден ___________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.
(экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)
1.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­ні­ңа­та­уы, ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­нің са­ны, оны­ңөл­шем­бір­лі­гі
2.
Экс­порт­та­у­шы ел (им­порт­та­у­шы ел)
3
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­нің­шық­қан­же­рі, ме­кен­жайы
4.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­ні­экс­порт­тау, им­порт­тау ке­зін­де пай­да­ла­ну­бо­лжа­на­тын­кө­лік­тү­рі
5.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­ні алып өту көз­де­ле­тін мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­да­ғы­өт­кізу­пункт­те­рін­көр­се­те оты­рып, ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­нің жол жү­ру­бағ­да­ры
6.
Экс­порт­тың, им­порт­ты­ң­мақ­сат­та­ры (ті­рі­жа­ну­ар­лар үшін – кө­бей­ту және кү­тіп-ба­ғу, са­ту, ет­ке сою; өнім­дер үшін – өт­кі­зу, қай­та өң­деу; азық­пен азық­тық қо­с­па­лар үшін – олар­ды­жейт­ін­жа­ну­ар­лар­дың­тү­рі)
7.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­ні­сақ­та­уды (өң­де­уді, өт­кі­зу­ді) жү­зе­ге­а­сы­ра­ты­нөн­ді­рі­собъ­ек­ті­сі­ні­ңа­та­уын және есеп­ке­а­лу­нө­мі­рін­көр­се­те оты­рып, Ке­де­но­да­ғы­ның (им­порт­тау ке­зін­де), үшін­ші­ел­дер­дің (Еура­зи­я­лы­қ­эко­но­ми­ка­лы­қо­д­ақ­қа­мү­ше бо­лып та­был­май­ты­н­мем­ле­кет­тер) (экс­порт­тау ке­зін­де) ке­ден­ді­ка­у­ма­ғын­да­ғы­ме­же­лі пункт
8.
Жой­ы­лып ке­ту қа­у­пітөн­ген және Жой­ы­лып ке­ту қа­у­пітөн­ген­жа­байы фа­у­на мен фло­ра түр­ле­рі­мен­ха­лы­қа­ра­лық са­уда ту­ра­лы кон­вен­ция (бұ­дан әрі – СИ­ТЕС) қол­да­ны­ла­тын ті­рі­жа­ну­ар­лар­ды, аң­шы­лы­қол­жа­ла­рын­не­ме­се­о­лар­ды­ңо­ңай­та­ны­ла­тын­бө­лік­те­рі­не­ме­се­құ­жат­т­а­ры, ора­ма­жап­сыр­ма­сы неме­се­таң­ба­сы неме­се бас­қа­бел­гі­ле­рі бой­ын­ша жа­ну­ар­лар­дың­бө­лік­те­рі­не­ме­се­туын­ды­ла­ры (де­ри­ва­ты) бо­ла­тын­не­ме­се бо­ла ала­тын­туын­ды­ла­рын (де­ри­ват­та­рын) әкет­кен­жағ­дай­да, СИ­ТЕС қол­да­ны­ла­ты­н­жа­ну­ар­лар­түр­ле­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы­на әке­лу­ге­не­ме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғы­нанә­ке­ту­ге­ар­нал­ғанрұқ­сат­тар­дың­бе­рі­л­ген­күн­де­рі және нө­мір­ле­рі
9.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­дың, азық­тық­қо­с­па­лар­дың­шық­қа­не­лін және олар­дың­тір­ке­уку­ә­лік­те­рі­нің­нө­мі­рін (тір­кеу, қай­та тір­ке­укү­ні) көр­се­те оты­рып, өн­ді­ру­ші­ұй­ым­дар­дың ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­та­рын, азық және азық­тық­қо­с­па­ла­ры­нэкс­порт­тау ке­зін­де
10.
Асы­л­тұқым­ды­жа­ну­ар­лар­ды және асы­л­тұқым­ды­қө­нім­ді (ма­те­ри­ал­ды) им­порт­тау ке­зін­де экс­порт­та­у­шы­ел­дің­ре­сми ор­га­ны жа­ну­ар­ды­ңәр­ба­сы­на­бер­ге­на­сы­л­тұқым­дық­ку­ә­лік­тің­не­ме­сео­ған­ба­ла­ма­құ­ж­а­т­т­ы­ң­н­ө­м­і­рі және кү­ні
11.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­нің­си­патта­ма­сы
12.
Объ­ек­ті­ні­ңор­на­лас­қан­же­рі (ме­кен­жайы)
13.
Ор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­ні­ка­ран­тин­ге­қою, өн­ді­ру, сақ­тау та­лап­та­ры
14.
«Ке­де­но­да­ғын­да ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық ша­ра­лар­ды­қол­да­ну ту­ра­лы»Ке­де­но­да­ғы Ко­мис­си­я­сы­ның 2010 жы­л­ғы 18 мау­сым­да­ғы № 317 ше­ші­мі­мен­бе­кі­ті­л­ген­Бі­рың­ғай ве­те­ри­на­ри­я­лық (ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық) та­лап­тар­да­не­рекше­ле­не­тін­та­лап­тар бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на­ү­шін­ші­ел­дер­ден (Еура­зи­я­лы­қ­эко­но­ми­ка­лы­қо­д­ақ­қа­мү­ше бо­лып та­был­май­ты­н­мем­ле­кет­тер) әке­лін­ге­нор­ны­а­уы­сты­ры­ла­тын (та­сы­мал­да­на­тын) объ­ек­ті­нің Еура­зи­я­лы­қ­эко­но­ми­ка­лы­қо­д­ақ­қа­мү­ше­мем­ле­кет­тер­ге­шы­ға­ры­луын бол­дыр­мау­ға­ке­лі­су­ді­рас­тай­мын
15.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­қам­ты­л­ған­за­ң­мен­қор­ға­ла­тын­құ­пи­я­ны­құ­рай­тын­қол­же­тім­ді­лі­гі­ш­е­к­т­е­у­л­і­д­е­р­б­е­с­д­е­р­е­к­т­е­р­д­і­п­а­й­д­а­л­а­н­у­ғ­а­к­е­л­і­с­е­м­ін. Мә­лі­мет­тер­дің­дұ­ры­стығ­ы­н­рас­тай­мын
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)

Қолданыстағы