Об установлении карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 11.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2018 121795_335218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18TAC04152
- ЭКБ идентификаторы
- 121795
- Редакция идентификаторы
- 121795_335218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:34
0 Карантин белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 13 ақпандағы № 01-6/66 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Атырау ауылдық округінің «Судоремонтник» бағбандық қоғамы № 100 учаскесі иелігіндегі мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты жеке сектор аумағына карантин белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Атырау қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының у.м.а.
_______________А.Муратова
2018 жылғы «11» мамыр
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының «№ 4 Атырау қалалық
емханасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорны директорының у.м.а
__________________М.Өтеғалиева
2018 жылғы «11» мамыр