Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 283 · қабылданған 21.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121799/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 283 ·21.05.2018
21.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 283 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
283
Қабылданған күні
21.05.2018
Көрсетілген редакция
21.05.2018 121799_325349.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000283
ЭКБ идентификаторы
121799
Редакция идентификаторы
121799_325349
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:26

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 мамырдағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 214-17-деген жол алып тасталсын.

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 20-12-жол алып тасталсын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-жол алып тасталсын.

4

4. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 551-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінде реттік нөмірлері 53, 54, 55, 56-жолдар алып тасталсын.

Қолданыстағы