Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Райымбекского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Райымбекского района
- Атауы (қаз.)
- Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 38-182
- Қабылданған күні
- 28.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2018 121841_323033.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DO004710
- ЭКБ идентификаторы
- 121841
- Редакция идентификаторы
- 121841_323033
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:39
0 Райымбек ауданының
Құрмет грамотасымен
наградтау туралы
ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Райымбек аудандық мәслихатының
2018 жылғы "28" сәуірдегі № 38-182
шешімімен бекітілген қосымша
Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Райымбек ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
2 2. Райымбек ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.
3
3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
4 4. Райымбек ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқада ұйымдар енгізеді.
5
5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
6 6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Райымбек ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.
7 7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.
8
8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Райымбек ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Райымбек ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Райымбек ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.