Құжат мәтініне өту

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Өзге акт · № 22/188 · қабылданған 02.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121884/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған Өзге акт ·№ 22/188 ·02.05.2018
28.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22/188 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Атауы (қаз.)
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22/188
Қабылданған күні
02.05.2018
Көрсетілген редакция
28.12.2021 121884_554678.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MC003611
ЭКБ идентификаторы
121884
Редакция идентификаторы
121884_554678
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:38

0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

2

2. Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 35/248 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2854 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің және Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 3/24 «Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 35/248 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3106 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3

3. Бейнеу аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Теміров
«2» мамыр 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Нұрбаев
«2» мамыр 2018 жыл

Қолданыстағы