Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан

Қаулы · № 65 · қабылданған 16.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-121923/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 65 ·16.04.2018
16.04.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 65 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
65
Қабылданған күні
16.04.2018
Көрсетілген редакция
16.04.2018 121923_325517.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016903
ЭКБ идентификаторы
121923
Редакция идентификаторы
121923_325517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:49

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қаржылық тұрақтылық департаменті (Хәкімжанов С.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 16 сәуірдегі
№ 65 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының
тізбесі

1

1. «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9866 болып тіркелген, 2014 жылғы
24 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2

2. «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11643 болып тіркелген, 2015 жылғы
24 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3

3. «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 179 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15202 болып тіркелген, 2017 жылғы
14 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы