Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және қолайсыз еңбек жағдайларында еңбек ететін еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы от 09.04.2002 г. № 214 (Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы)
1. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек жағдайларын сараптау зертханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (әрі қарай - кәсіпорын) құрылсын.
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіпорынның уәкілетті органы болып анықталсын.
3. Уәкілетті орган - облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Мәселеева М.):
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оны облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
2) Жалақы қорын және кәсіпорынның директорын тағайындасын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.